Сабақ жоспары Ақтамберді жыраудың өмірі мен шығармалары 9-сынып

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Сабақ жоспары Ақтамберді жыраудың өмірі мен шығармалары 9-сынып

Бағыты: Қазақ әдебиеті Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 9 сынып

Бұл материал қазақ тілі менәдебиет пәнінің мұғалімдеріне керек.

Мектеп : Қазыбек бек бекетіндегі орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Сабақтың тақырыбы: Ақтамберді жыраудың өмірі мен шығармалары

Күні : 19.12.18ж
Мұғалімнің есімі : Қалиева Ж.М.

Сынып : 9 А
Қатысқандар саны
Қатыспағандар саны :

Сабаққа негізделген оқу мақсаты:
Ақтамберді жыраудың өмірі және шыармаларымен танысу

Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар : Ақтамбердінің өмірі және шығармаларымен танысады
Оқушылардың басым бөлігі : Жыраудың толғауларының мағынасын, идеясын түсінеді.
Кейбір оқушылар : Пікір айтады, талдайды.

Бағалау критерийлері :(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже критерийлері)
Ақтамбердінің өмірі және шығармаларымен танысады.
Мәтін бойынша сұрақтар қояды.
Ақтамберді толғауларының мағынасын таниды, пікір айтады.
Өз тілін ,әдебиетін , тарихын құрметтейді.
Талдайды, сараптайды.

Тілдік мақсаттар
Тілдік дағдылар : қазақ әдебиеті, көркемдеуіш құралдар
Терминология : жырау, толғау, терме
Сөз тіркестері: жыраулық өнер, толғау тақырыбы, терменің мәні

Құндылықтарды дарыту
Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау.
Қарым-қатынас жасау мәдениеті
Өмір бойы оқуға дайын болу

Пәнаралық байланыстар
Қазақ тілі, тарих

АКТ қолдану дағдылары

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім.
Жыраулар туралы

Жоспар

Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жұмыстар:
Ресурстар:

Басталуы
3 мин

5 мин
Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.”Өзгеге тілегенді өзіңе тіле әдісі бойынша тілек айтады.
Үй тапсырмасын сұрау. Тақырыбы “Доспамбет” жырау. “Қағаздағы сұрақтар” әдісі бойынша
Әрқайсысы қағаз қиындысына өзі білгісі келген немесе өзі жауап бергісі келген сұрақтарды жазып , қалтаға салады. Араластырылған сұрақтар еркін түрде қатысушыларға таратып беріледі. Әркім өзіне түскен сұрақтарға жауап береді.

Қағаз

пакет

Ортасы

15 мин

12 мин
Жаңа сабақ мақсаты айтылады.
“Мен Ақтамберді жырау туралы не білемін?”Дәптерге не білетінін жазып шығады.
1-тапсырма.
Жаңа сабақ бойынша мәтін.”Қазымыр оқушы” әдісі бойынша
Әдіс. Оқушылар өз араларынан жүргізуші сайлайды. Оқушылар мәтінді оқып шығады.1-кезеңде . Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырылады. Кім көп сұрақ құрастырса, сол жеңіске жетеді.
2-кезеңде. Оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды.Жауап қысқа , әрі нұсқа болу керек. Жауапты жүргізуші тыңдап көп сұрақ қойған “ қазымыр оқушы” анықталады.
Ақтамберді жырау 1675- 1768 жылдары өмір сүрген аттақты жырау. Ол Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі Қаратау баурайында Абай ауданы Жүрекжота мекенінде дүниеге келген. Әкесі Сары ауқатты кісі болған. Шешесі -Сырбике. Ақтамберді найман тайпасының қаракерей руының сыбан тармағынан. Жамағайын туысы Бердікке деген батырдың қолында өседі. 1742 жылы Орта жүз ру басыларының Орынборда ант беру жиналысына өкіл болады. 1738-1752 жылдары қазақ-қалмақтың қақтығыстарына қатысады. “Ақтабан шұбырындыны” басынан өткізген ,70 жыл ат үстінен түспей , елі мен жерін қорғаған қас батыр, қолбасшы,айтулы шешен, нақыл сөздің шебері, қабырғалы би, атақты жырау, дипломат.
Ақтамберді17 жасынан бастап қалмақтармен Орта Азия билеушілерімен болған шайқастарға қатысады.Өз қарамағындағы қазақ руларын отырықшылыққа үйретуге тырысты. Бұл бағытта арық қазуды, бөген салуды, ұйымдастырып , қазақтарды егін шаруашылығына үйретуді қолға алды.Ақтамберді жырларының арқауы- батырлыққа үндеу, жауға қарсы соғысқа жігерлендіру. Толғаулары: “ Күлдір-күлдір кісінетіп”, “Уа қарт Бөгенбай”, “Жауға шаптым ту байлап”, “Заманым менің тар болды”, “Балаларыма өсиет” ,”Түйе мойнын тұз кесер”, “Менімен ханым ойнаспа, “Жылқыдан асқан мал бар ма?”, “Балпаң-балпаң кім баспас” т.б.
Дескрипторлар.
Мәтінді оқып мазмұнын түсінеді.
Ақпарат алады.
Сұрақтар арқылы ақпаратты есте сақтайды.
2-тапсырма. Топқа бөлінеді.

І топ. “Күлдір-күлдір кісінетіп” толғауындағы өсиетті қара сөзбен жазып шық.
ІІ топ.”Күлдір-күлдір кісінетіп” толғауы.Ақынның арманы туралы өз пікіріңді жаз.
ІІІ топ . “Күлдір-күлдір кісінетіп” толғауын кімдер орындап жүр? Ол туралы пікірің қандай?

Дескрипторлар.
Толғаулардың мағынасын ұғады.
Өлеңді қара сөзбен жазады.
Пікір жазады
Сұраққа нақты жауап іздейді.

Нені білдім? Не білгім келеді?

Аяқталуы

5 мин
Үйге тапсырма: Нені білгім келеді? деген сұраққа әр оқушы өз қалауы бойынша жауап іздеп келеді.
Рефлексия.
Бес саусақ тәсілі.
Бас бармақ-басты мәселе.Бүгін сабақта қандай мәселе болды?
Балалы үйрек- бірлесу. Мен топта, жұпта қандай жұмыс жасадым?Кімге көмек бердім?
Ортан терек- ойлану.Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?
Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма?
Кішкентай бөбек- көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?

Қосымша ақпарат

Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарладыңыз? Қабіліті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз. Қабілеті жоғары оқушылар өздерінің алдына қойған мақсатқа жету үшін , жан-жақты білімді екенін көрсете білді. Өзінің пікір, қалауын түсіндіре алады.
Қосымша деректер оқып келу тапсырамын.

Бағалау- Оқушылардың үйренгенін , материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Бағалау кезінде оқушылардың өздері де қатысады.

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағымдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады?( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері / қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруіне көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.