Атырау мен Орал арасына жаңа автобустар қатынайтын болды
2018 жылғы 30 желтоқсан 05:10 147
ОРАЛ. ҚазАқпарат — «Орал-Атырау» бағытына қатынайтын жаңа үш автобус жолға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жайлы автобустардың әрқайсысының құны 50 млн теңге.
«Жолаушылар билетті электронды түрде сатып ала алады. Бұл көліктердің қай жерде кетіп бара жатқанын көру үшін GPS орнатылған»,- деді БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Медет Шақаев.
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz