Математика Ашық сабақ .Алыстау жылдамдығы

0
Күні Мұғалімі: Бимбетова Н Пәннің атауы Математика 4 сынып Тақырыбы: Бірінен-бірі қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс. Алыстау жылдамдығы. Мақсаты: Бір-бірінен қарама-қарсы қозғалыс бағытын (алыстау) мағынасын ұғынады, қозғалысқа байланысты есептерді шығаруда сызба, кесте бойынша шығаруға жаттығады.1) Мазмұнына байланысты: Денелердің қозғалыс бағытын анықтап,есеп мазмұнына сәйкес сызба сызады,шығарады;2) Сын тұрғысынан ойлау: Қозғалыс шамаларының тәуелділігін есептеуде қолдана білуге үйренеді;3) Топпен жұмыс: Оқушылардың математикалық ой-белсенділігі қалыптасып сабаққа қызығушылығы артады; Оқыту нәтижесі Бірінен-бірі қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс кезіндегі алыста жылдамдығын табуды үйренедіЕсепті өздігінен талдап, түсініп шығаруға дағдыланадыОйлау қабілеті артады Сілтеме: Математика 4 сынып, оқулық. «Атамұра» Күтілетін нәтиже:
  • Бірінен-бірі қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс жағдайындағы алыстау жылдамдығын табуды;
  • Формуламен жазуды;
  • Берілген сызба сурет бойынша мәтінді есеп құрастыруды;
  • Ақпарат көздері, қолданатын материалдар тақырыпқа байланысты парақшалар, А4 форматтағы қағаздар, маркер, стикер Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Оқыту әдіс тәсілдері: топпен жұмыс, бірлескен оқу. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету: ашық сұрақтар қою, Сабақтың барысы: Мұғалім әрекеті:Тапсырмалар береді. Оқушы әрекеті:Тапсырмалар орындайды, талдайды. Ұйымдастыру 2 минут «Өрмекші» тренингі (Бұл тренингте топтар шеңбер құрап бір-біріне үш тілде тілек айтады) Топтастыру.Сыныпты топтастыру.1 топ «Жылдамдық» — V 2 топ «Уақыт» -t 3 «Қашықтық» -S Бұл тренингте топтар шеңбер құрап бір-біріне үш тілде тілек айтадыҚима қағаздар арқылы топтасады.Топ ережесін еске түсіреді. Қызығушылығын ояту2 минут «Кубизм» әдісі Сабағымызды сұрақтардан бастайық. Сұрақтарға жылдам жауап беріңдер.1. Жылдамдықтың түрлері? (Алыстау жылдамдығы, жақындау жылдамдығы)2.Жылдамдықты қалай табамыз? (Қашықтықты уақытқа бөлеміз)3.Ал, уақытты ше? ( қашықтықты жылдамдыққа бөлеміз)4.Жылдамдықтың өлшем бірліктері (м/сек, м/сағ, км/ сағ)-Жарайсыңдар, балалар! Алдымызда 1 желтоқсан «Тұңғыш президент» күні келе жатыр.«Кең байтақ Қазақстанның үкілеген үміті сіздерсіздер, менің жас достарым!» -деп ел басы бізге үлкен үміт артып отыр. Сол Елбасымыздың үмітін ақтау мақсатында біз білім шыңына шығып, өз білімімізді көрсетейік. Іске сәт !Үй тапсырмасын тексеру. Мағынаны тану 20 минут Жаңа сабақ. «Сандар сөйлейді» атты жетістік сатысы 1-баспалдақ1991 жыл – Н.Ә.Назарбаев еліміздің президенті болып сайланды. №1 есеп

  • Сызбаға қарайық. Жаяу бірінен-бірі алыстап барады.
  • V¹=4 км/сағ t =3сағ V²=6 км/сағ S = ? кмУақыт бірлігінде нысандардың бірірінен-бірі алыстауын алыстау жылдамдығы дейді. Бірінен-бірі қарама — қарсы бағытта қозғалу кезінде алыстау жылдамдығы жылдамдықтардың қосындысына тең болады.Біріне-бірі қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс кезінде алыстаужылдамдығы  жылдамдықтардың қосындысына тең.   6+4=10км/сағ.-жаяу адамдардың бірінен-бірі алыстау жылдамдығы. 2 баспалдақ.№2 есеп. Есептердің шартын, сұрағын, шешуін және жауабын бір-бірімен салыстыр.1992 жыл – 4 маусымда-елбасымыз мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран туралы Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. 2-қазан: тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. Топтық тапсырма 1 топ. а) Саяжайдан бір мезгілде екі велосипедші бірінен-бірі қарама-қарсы бағытта екі жаққа жолға шықты. Біріншісінің жылдамдығы 12 км/сағ, ал екіншісінікі 10 км/сағ. Олар 2 сағ. кейін бір-бірінен қандай қашықтықта болады? 2 топә) Саяжайдан бір мезгілде екі велосипедші бірінен-бірі қарама-қарсы бағытта екі жаққа жолға шықты. Біріншісінің жылдамдығы 12 км/сағ, ал екіншісінікі 10 км/сағ. Неше сағаттан кейін олардың арақашықтығы 44 км болды? 3-топб) Саяжайдан бір мезгілде екі велосипедші бірінен-бірі қарама-қарсы бағытта екі жаққа жолға шықты. 2 сағ. кейін олардың арақашықтығы 44 км болды. Біріншісінің жылдамдығы 12 км/сағ. болса, екіншісі қандай жылдамдықпен жүрген.

    V алыстау = V¹ + V²6 + 4 = 10 ( км/сағ )- жаяу адамдардың алыстау жылдамдығы.

    а) V1-12 км/сағV2-10 км/сағt- 2 сағS-?V=V1+V2;12+10=22S= V×tS=2×22=44 Жауабы: 44 кмә) S=44 км V1- 12 км/сағ V2- 10 км/сағ t-? сағV=V1+V2;12+10=22t = S: V44:22=2Жауабы: 2сағ. кейінб) S=44 км V1- 12 км/сағ V2- ? км/сағ t-2 сағV=S:tV= 44:2=22км22 км –12 км/сағ =10 км/сағЖаубы: 10 км/сағ

    Сергіту сәті1мин

    Жаңбыр қалай жауады?

    Мұғаліммен бірігіп қимыл қозғалыс жасайды. Тақтамен жұмыс. 10 минут 3 баспалдақ1995 жыл — 30 тамызда Конституциясы қабылданды.№ 3 есепТігін цехы 35 м матадан 7 көйлек тікті. 75 м матадан осындай неше көйлек тігуге болады.4 баспалдақ. 1997 жыл — Астана Ақмола болып жарияланды.№ 4 есеп.Динараның 500 тг бар еді. Ол оның 180 тг. пияз, алқалған ақшасының жартысына картоп сатып алды.Динараның қанша ақшасы қалды? Логикалық диктант:1.Кез келген үш таңбалы сан ойла: -1232.Оның оң жағына сондай санды тіркеп жаз: -1231233.Сонда шыққан санды жетіге бөл: 123123: 7=175894. Бөліндінің мәнін ойлаған санға бөл: 17589 : 123 = 1435.Нәтижені 11- ге бөл: 143: 11= 136.Сонда шыққан санды екі еселе: 13 х 2 = 267.Нәтиженің цифрларын қос: 2+6 = 8

    5 баспалдақ 2011жыл – Азияда ойындары өтті№5 мысал «Шаңғы тебу» ойын арқылы ойналады 6 баспалдақ2015 жылдары –қазақ хандығына 550 жыл толды2017 — Экспо көрмесі болды№6. «Галереея» әдісімен орындалады.Жұптық жұмыс№7 ауызша орындалады. Тік және доғал бұрыштарды белгілеуі бойынша атау.

    Шарты; 35м-7 көйлек75м-?көйлекШешуі: 75: (35:5)=15 Жауабы: 15 көйлек

    Ш: (500-180):2=160 тгЖ: Қалғаны 160тг

    8953:7=1279 7080:5=1416 42568:8=5321 30744:9=3416 

    Оқушылар берілген карточканы жұп болып тақтаға іледі.7км834м×4=31км336м 13сағ48мин×5=69сағ 9км7м×8=72км56м 16м 74см:9=186см 16кг752г:8= 2кг94г 1т20кг:4=1020кг:4=255кг 4т8кг:8=4008:8=501кг 14м 35см:5=1435:5=287см 18т8ц:4=188ц:4=47ц 

    Бағалау. 2минут Сабақты қорытындылау.

    -дей отыра сабағымызды аяқтаймыз.

    Рефлексия бөлімі.2 минут

    Стикерлер жапсырады.