«Алмасүйгіштер» Қазақстанның төлем нарығын «жарды» — новости Казахстана

0

Apple Pay-ді қосқан АТФ Банктің клиенттерінің саны геометриялық прогрессияда өсуде.

Қазақстандағы байланыссыз төлемдер – бұрыннан жаңалық емес, алайда ел тұрғындары тек Apple Pay-ді асыға күтті, сұрады, талап етті.

«Алмасүйгіштер» Қазақстанның төлем нарығын «жарды»

Міне, бір ай бұрын ол да орындалды. Қазақстанда Apple Pay-дің іске қосылуы кәдімгі оқиға болды деп айту, ол ештеңе деп айтпау мен тең. Алғашқы сағаттан бастап сервиске АТФ Банктің жүздеген карточкалары қосыла бастады. Және әлі күнге дейін олардың саны апта сайын екі еселенуде!

«Алмасүйгіштер» Қазақстанның төлем нарығын «жарды»
«Алмасүйгіштер» Қазақстанның төлем нарығын «жарды»
«Алмасүйгіштер» Қазақстанның төлем нарығын «жарды»
«Алмасүйгіштер» Қазақстанның төлем нарығын «жарды»

Жаңа қызмет шынымен жақсы қабылданды! Алғашқы күннен бастап қазақстандықтар кофеханаларда, азық-түлік дүкендерінде, жанармай құю бекеттерінде айфондармен төледі, ал бүгін мерекелік үстелге арналған заттарды, жаңа жылдық сыйлықтар мен көптеген өзге сатып алуларды телефонды терминалға жақындатып, төлемді жүзеге асыра алады.

Сөзсіз ыңғайлылық сандармен бейнеленді. Апта сайын АТФ Банктегі Apple Pay арқылы төлемдер саны 200 — 300%-ға өсуде, ал олардың жалпы сомасы миллиондармен өлшенеді және 4 еседен астам көлемге өсуде!

«Алмасүйгіштер» Қазақстанның төлем нарығын «жарды»
«Алмасүйгіштер» Қазақстанның төлем нарығын «жарды»
«Алмасүйгіштер» Қазақстанның төлем нарығын «жарды»

Apple компаниясы NFC-терминалдар арқылы өтетін 10 байланыссыз төлемдердің 9-ы Apple Pay-ге тиесілі екенін ескерткен болатын. IOS базасындағы құрылғылардың үлесі Gartner зерттеу компаниясының деректері бойынша бүкіл әлемдегі «гуглофондардан» төменірек, және небәрі 11,8%-ды құрайтындығына қарамастан, дәл осы «алмасүйгіштер» байланыссыз төлемдердің авангардында тұр. Енді Қазақстанда да.

«Алмасүйгіштер» Қазақстанның төлем нарығын «жарды»