Бақыт Сұлтанов: Біздің мақсат — Астананы жаһандық қалаға айналдыру

0

2018 жылғы 28 желтоқсан 19:57 176

Бақыт Сұлтанов: Біздің мақсат - Астананы жаһандық қалаға айналдыру

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов мәслихат депутаттарымен кездесті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Кездесуде өтіп бара жатқан жыл қорытындыланып, келер жылға жоспарлар құрылды.

«Осы жылы қалада ауқымды жұмыстар атқарылды. Астана үшін осы жыл бар жағынан жақсы жыл болды. Оның дәлелі жеткілікті. Бұл ретте тек 2018 жылды жоғары экономикалық көрсеткіштермен аяқтап отырғанымызды айтсақ та жетерлік. Жалпы өңірлік өнім көлемі болжамдық бағалау бойынша 6 трлн теңгені құрайды. Қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындары мен қызмет көрсету саласы 544 млрд теңгеден астам сомаға өнім өндірді және осылайша өткен жылмен салыстырғанда оң ығысу плюс 9,6% белгісінде тіркелген», деді қала әкімі.

Бақыт Сұлтанов: Біздің мақсат - Астананы жаһандық қалаға айналдыруОның сөзінше, 2017 жылмен салыстырғанда өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 12,6% — ға ұлғайды. Осы жылы жүк тасымалдау көлемі жалпы алғанда 9% — ға өсті. Бөлшек саудада тауар айналымының көлемі 1 трлн теңгеден асып 2017 жылмен салыстырғанда 6% — ға өсті. Мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдер 981,9 млрд. теңге көлемінде жиналған, ол 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 13,9 % — ға жоғары.

Бақыт Сұлтановтың айтуынша, бұл көрсеткіштер шағын және орта бизнестің есебінен қалыптасқан, жалпы өңірлік өнім құрылымында оның үлесі 55% — ды құрады.

«Алда жұмыс көп. Осы үш айда қалалықтармен және ҮЕҰ секторы өкілдерімен де кездестім. Әлеуметтік орталықтарға жиі баруға тырысудамын. Кеше балалар мен қарттар үйіне бардым. Мен өзімді шашымнан башпайыма дейін астанылықпын, қаланы жақсы білем деген едім. Бірақ, қала әкімі ретінде қызметім басталған үш айда бұрын көргенімнің 10%-да көрмегенімді түсіндім. Біздің мақсат Астананы жаһандық қалаға айналдыру, ол креативті адамдарды, талантты жастарды, сондай-ақ туристер мен шетелдік инвесторларды тартатын негізгі орталыққа айналады. Ол үшін қала құрылысында заманауи урбанистік шешімдер, жаңа тәсілдерді пайдалану қажет. Бір сөзбен айтқанда бізге қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы орта және мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз жайлы жағдай жасау керек», деді әкім.

Әкім депутаттарға нәтижелі және бірлескен жұмыстары үшін алғыс айтып, оларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz