Өңдеу өнеркәсібінде жұмыс істейтіндер саны 45,1 мың адамға артты

0

Еңбек өнімділігі еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторы. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек министрлік жетекшілік ететін экономиканың негізгі салалары бойынша биыл бірінші жартыжылдықта өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда оң серпін байқалады. Көлік саласында көрсеткіш — 3,1%, құрылыста — 9,3%,өнеркәсіпте көрсеткіш 4,3%-ке өсті.

«Өнеркәсіп салаларындағы өсім тау-кен өнеркәсібінде (өсім 9,1%-ке), сондай-ақ сумен жабдықтауда (өсім 3,3%-ға) байқалып отыр. Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің индексі 98,2%-ды құрады. Өнімділік машина жасауда 11,5%-ға, химия өнеркәсібінде 9,2%-ға және жеңіл өнеркәсіпте 1,6%-ға ұлғайды», — деді Ж. Қасымбек.

2018 жылдың жартыжылдығының қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылғандар саны 45,1 мың адамға немесе 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,9 %-ға өсті (505,5-тен 550,6 мың адамға дейін – өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды есептемегенде).

Өз баяндамасында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі саладағы еңбек өнімділігін одан әрі арттыру мақсатында өңірлерде жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті. Бұл — қаржылық қолдау құралдарын дамыту арқылы кәсіпорындарды жаңғыртуды инвестициялауға ынталандыру қажет. Көлемі мен ұзақ мерзімді қаржыландыру қолжетімділігін арттыру, озық жабдықтар мен технологияларды пайдалану тұрғысынан мемлекеттік қолдау алатын жобаларға қойылатын талаптарды күшейту керек. Бұдан өзге, Ж. Қасымбектің айтуынша, өнеркәсіпті цифрландыру бойынша жоспарланған шараларды іске асыруды жалғастыру, оның ішінде кәсіпорындарға қойылатын технологиялық талаптар мен стандарттарды арттыру қажет.

Жалпы, еңбек өнімділігі мәселелері ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеу кезінде ескерілді. Еңбек өнімділігі Индустрияландырудың үшінші бағдарламасының негізгі индикаторларының бірі болып айқындалды.

Өңірлерде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Алматы облысының әкімі А. Баталов, Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов, Жамбыл облысының әкімі А.Мырзахметов, Астана қ. әкімі Б. Сұлтанов, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары С. Шапкенов баяндады.

Мәселені қарау қорытындысы бойынша Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Индустрияландыру күнінде сөз сөйлеген кезде Елбасы өнеркәсіптегі еңбек өнімділігін ұлғайту мақсатында өңірлердің рейтингін мерзімді түрде жүргізіп тұруға тапсырма берді. Алға қойылған нақты міндет орындалуы тиіс.

Дереккөз: http://egemen.kz/