ФОТО: Көлік бағанаға соқтығысты: жүргізуші көз жұмды

0
ФОТО: Көлік бағанаға соқтығысты: жүргізуші көз жұмды


Алған жарақаттардан көлік жүргізушісі қайтыс болып, жолаушы ауруханаға жеткізілді.

29-желтоқсан күні,түнгі 4:35-те Daewoo Nexia көлігі бағанаға соқтығысты. Нәтижесінде, көлік жүргізушісі мерт болды. Көлікте 2 адам болған.

Полицияның хабарлауынша, көлік Богдан Хмельницкий даңғылынан өтіп жатқан. Алдын-ала деректер бойынша, жүргізуші көлікті игере алмай, бетон бағанасына соқтығысқан. Көлік зақымдалған. Оның ішінде 2 адам болған. Алған жарақаттар салдарынан жүргізуші қайтыс болды, оны көліктен шығару үшін оқиға орнына арнайы құтқарушылар келген. Daewoo Nexia көлігінде болған екінші ер адам ауыр жарақаттар алып, ауруханаға жеткізілген.