29 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы
2018 жылғы 29 желтоқсан 03:10 79
АСТАНА. ҚазАқпарат — 29 желтоқсан күні Қазақстан аймығының басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Осыған байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын жауады. Республиканың тек шығысында сенбі жауын-шашынсыз өтеді. Жекелеген өңірлерде көктайғақ, тұман, бұрқасын, екпінді жел күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сүйенсек, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болжанады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Түнде желдің екпіні 15-25 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан облысында тұман болжанады.
Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда облысының жекелеген аумақтарында желдің күші 15-20 м/с артады.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман болады.
Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің екпіні 15-20 м/с күшеюі ықтимал.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман болжанады. Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 15-28 м/с жетеді.
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz