«Сен өзгерсең сенің әлеміңде өзгереді» психологиялық тренинг

0

1 бет

Сен өзгерсең, сенің әлемің де өзгереді

2 бет

Бірде гүл сатушы қыз қолындағы барлық роза гүлдерін сатып болады. Қолында тек бір тал ғана гүл қалады. Гүл сатушы қыз ойланбастан жолдың қарсы бетінде күні бойы тілім- тілім отырған қайыршыға осы соңғы гүлді сыйлап, өз жөніне кетеді.

3 бет

Қайыршы өзі- өз болғалы мұндай іске жолығып көрмепті.
Ол үш ұйықтаса да армандағыдай ару қыздың өзіне гүл сыйлайтынын ойлап көрмепті.

4 бет

Бұл күні қайыршы үшін күн батыстан шыққандай болады. Қайыршы өмірінде бірде-бір рет өзін аялап, сүйіп көрмепті, басқалардың да аялауы мен сүюіне қол жеткіземін деп үміттенбесе керек, бүгінгі жағдай оған қатты әсер етеді.

5 бет

Гүлді ала салысымен қала маңындағы өзінің лашығына тартады. Үйіне келген соң сынық құмыра тауып, оған су толтырып, гүлді оған салып қояды.

6 бет

Ол үн-түнсіз гүлге қарап отырады. Кенет орыннан атып тұрып, әлгі құмыраны жуып, тазалап, мөп-мөлдір су құйып гүлді қайта салады.

7 бет

Ол іштей: «Мұндай әдемі гүл қалайша кір-кір құмырада тұрады екен, мен оны жуып-тазалап қойдым» деп масаттанады. Қайыршы әсем гүлге тағы құмарта қарап отырады. Ол ақырын қозғалып келіп, гүл құмырасы тұрған үстелді қолымен сипап қарап еді, шаң-тозаңнан көрінбей қалыпты. Әсем гүлдің тұруына бұл үстел лайық емес деп ойлаған ол үстелді де жуып, айнадай етіп қояды.

8 бет

Гүлге құмарта қараған сайын таза үстел мен нарттай қызыл роза сағымы ойнап тұрған мөлдір құмыра мен суға мына былыққан лашық мүлдем сай келмейтін сияқты болып көрінді. Ол бар пейілімен өзінің жылдар бойы тұрып келе жатқан күркесін жинастырып, сүртіп, тазалап әбігерге түсті. Кенет ол өзінің үнемі үңірейіп тұратын бөлмесіне жылылық толып, жайлы өмірді өзіне тым жақын сезінді.

9 бет

Ол бөлменің дәл ортасында тұрып бұрыштағы сынық айнадан өзінің кейпін көрді. Қызыл шұғыла төгіп тұрғандай болып көрінген роза гүліне, таза үстелге, мұнтаздай үйде тұрып ол өзін мүлде қораш келбетте көрді. Шашы өскен, киімінің алба-жұлбасы шыққан. Ол бүгінгі бар тапқан-таянғанын алып жуынуға кетті.

10 бет

Өмірінде дәл бүгінгідей рахаттанып көрмеген шығар. Жұқа болса да таза киім сатып алды, сақал-мұртын қырды, шашын тарап ретке келтірді. Әлеуметтік моншаның есігінен шығып бара жатып қабырғадағы айнадан мүлде басқа адамды, жастық оты жалындаған келбетті жігітті көрді.

11 бет

«Мен не үшін қайыршы болып өмір сүруім керек?» – деп сұрады өзінен. Бұл оның қайыршы болғаннан бері қарайғы өзіне тұңғыш рет осылайша сұрақ қоюы еді. Жігіттің рухы әп-сәтте серігіп шыға келді. Ол үйіне келіп мұндағы барлық дүниеге соншалықты риза пейілмен сүйсіне қарады.

12 бет

Екінші күннен бастап басқа жұмыс іздеуге кірісті. Жолы болғыш екен, жайлы жұмысты да тапты. Күндер зулап, айлар аунап жатты. Бірнеше жылдан кейін ол табысқа жеткен адамға айналды. Үлкен компания құрып, қалталылар қатарына қосылды.

13 бет

Пенде баласы өзіне тиеселі роза гүлін тапқанша теңіздегі бағдарсыз малтыққан дәрменсіз жүзген сушыға ұқсайтын сияқтанады. Өзіңізге кішкентай өзгеріс жасаңыз, сіз өзгерсеңіз, сіздің әлеміңіз де өзгереді. Егер сіз осы роза гүлін тапқан болсаңыз, оны басқаларға беруді де естен шығармаңыз. 

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз