Бердібек Сапарбаев мерекемен құттықтады
Ақтөбе облысының әкімі қарттар мен мүгедек жандарды келе жатқан Жаңа жылдарымен құттықтады
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбедегі қарттар мен мүгедек жандарға арналған интернат үйінде болды.
Бүгінде 1973 жылы ашылған қарттар мен мүгедектердің интернат үйінде 224 адам тұрады. Өңір басшысы оларға мықты денсаулық пен рухани сергек болуды тіледі.
«Әлеуметтік саланың Қазақстан Тәуелсіздігінің 27 жылы бойы дамуы — мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының басым бағыты болып табылады. Бұған Президенттің халықтың әл-ауқатын әрі қарай көтеруге арналған жуырдағы Жолдауы дәлел. Елбасы тапсырмасына сәйкес, біздің облыста қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың тұрмыс сапасын көтеруге ерекше көңіл бөлінуде, соның ішінде аталмыш интернат үйінің қызметіне әрқашан қолдау көрсетіліп келеді. Өмірде түрлі жағдай болады, бірақ ең бастысы – бұл сіздердің қазіргі амандықтарыңыз. Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр мен әрқашан жақсы көңіл-күйде болуды тілеймін»,-деді облыс әкімі.
Мекемеге мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарт азаматтарды отырғызатын көтергіштермен жабдықталған мамандандырылған автокөлік тарту етілді.
Интернат үйінің директоры Ермек Бейсқалиевтің айтуынша бұл мекеме ұзақ уақыт бойы осындай көлік құралын қажет еткен, өйткені мұнда бірінші және екінші топтағы 93 мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен зейнеткерлер тұрады, олардың ең үлкені 94 жаста. Ол сондай-ақ, қарттар мен мүгедектер үйіне түсетіндер санының жылдан жылға азайып келе жатқанын атап өтті.
Ақтөбе облысында 27 мыңнан астам мүгедек жан бар. Оларға уақытылы әлеуметтік қолдау көрсетіліп тұрады. Биыл 12 мыңнан аса мүгедек адам техникалық, гигиеналық құралдармен, протездік-ортопедиялық бұйымдармен және шипажайлық ем-доммен қамтылды. Жалпы, мемлекет мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік жағынан қолдауға 1,8 млрд теңгеден астам қаражат аударды.
Бұдан басқа, өтіп бара жатқан жылы өңір билігі мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше көңіл бөлді. «Бақытты бала» жобасы аясында бір жылдың ішінде елімізде бірінші рет «Күншуақ» жыл бойғы сауықтыру инклюзивті лагері, бюджет қаражатынан — тыс аутизмі бар балаларға арналған оңалту орталығы, коррекциялық балабақша, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығы ашылды.