Шымкентте бала зорлау оқиғасы көбейді

0

Шымкентте кәмелет жасына толмаған балаларға жасалатын жыныстық сипаттағы қылмыс саны күрт артқан. Бұл туралы Азаттыққа қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бала зорлау қылмысының саны өткен жылмен салыстырғанда 18-ден 43-ке ұлғайған. Прокуратура тексеру кезінде кәмелет жасына толмағандардың құқықтарын қорғаумен айналысатын уәкілетті органдардың заң бұзғанын анықтаған.

“Құзырлы органдар, яғни ювеналды полиция және мектеп әкімшілігінің әрекетсіздігінен оқушыларға жасалған, алдын алуға болатын жеті зорлық әрекеті әшкерленді» делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бала неге зорланады? Сарапшылар пікірі

Бұған дейін балалар омбудсмені болып тұрған кезі мәжіліс депутаты Зағипа Балиева Бас прокуратураның есебіне сүйене отырып, Қазақстанда 2017 жылы балаларға жыныстық зорлық жасау фактілері көбейгенін хабарлаған.

Дереккөз: Азаттық