Алматыда кісі өлтірді деген күдікке ілінді — Бас прокуратура Түркиядан экстрадицияланған ер адам жайлы — Қылмыс
Бас прокуратура өкілдері Түркиядан экстрадицияланған Ибрагим Сулиевтің қандай қылмысқа қатысы бар екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Ұсталған күдікті 2014 жылы ақпанда Алматы қаласының аумағында алдын ала келісім бойынша топ болып, Юсупов есімді ер адамды өлтірді деген айып тағылды. Сонымен қатар, қару мен оның оқ-жарағын сатып алу, сақтау және тасымалдау бойынша да айып тағылды», — делінген ведомство хабарламасында.
Бас прокуратура мәліметінше, күдіктінің жасы 21-де.
Ибрагим Сулиевке 2014 наурызда жылы іздеу жарияланғанна кейін ол құқық қорғау органдарынан қашып жүрген. Қазіргі уақытта Сулиев Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Осыған дейін Түркия билігі іздеудегі адамды Қазақстанға ұстап бергені туралы хабарланды. Бас прокуратура мен Қазақстан ІІМ Интерполының қызметкерлері қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Ибрагим Сулиевті Түркиядан Қазақстанға экстрадициялады. Алматы қаласында аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күдікті және ол 2014 жылдан бастап халықаралық іздеуде болған.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz