Мэнни Пакьяоның допинг-тесті оң нәтиже көрсеткен » Vesti.kz

0
Сегіз салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы және жартылай орта дивизионда WBA (Regular) белбеуінің иегері Мэнни Пакьяо (60-7-2, 39 КО) төрт салмақта бұрынғы чемпионы америкалық Эдриен Бронермен (33-3-1, 24 КО) жекпе-жекке дайындығы туралы айтып берді. 

Боксшы твиттер жеілісінде Лос-Анджелестегі «Сыйлықтар күнін» (Boxing Day) қалай тойлағанын айтып, Бронермен жекпе-жек алдында VADA қызметкерлері тест алғанда кемшілкісіз екеніне оң нәтиже көрсеткені туралы қалжыңдады. 

«Сыйлықтар күнін бес миль қашықтыққа жүгіруден, 2000 отырып-тұру және басқа да жаттығулардан бастадым. Ал оны Vada үшін допинг-тестпен аяқтадым. Қорытынды менің кәміл екеніме оң нәтиже көрсетті», — деп жазыпты спортшы. 

Пакьяо — Бронер жекпе-жегі 19 қаңтар Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында өтеді. Бұл кездесуге филиппиндікке тиесілі WBA (Regular) белбеуі тігіледі.


Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/