Home Жаңалықтар Маңызды бастамаларға құқықтық негіз қаланды

Маңызды бастамаларға құқықтық негіз қаланды

0
89

Парламент сессияларының жұмысы күнтізбелік жылмен сәйкес болмайтын­дықтан осы жылғы сессияда қанша заң қабыл­данғанын нақты айту қиын. Өйт­кені Парламенттің қазіргі, төртінші сес­сия­­сының жұмысы қыркүйек айынан бас­талды. Ал оған дейінгі үшінші сессия 30 маусымда аяқталған болатын. Бірақ соған қарамай 2018 жылғы қабылданған заңдарға қысқаша шолу жасап көрелік.

2018 жылы еліміз үшін аса маңызды заңдардың қатарында Қауіпсіздік Кеңесі туралы Заң қабылданды.

Сондай-ақ валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заң қабыл­данды. Ол валюталық операциялармен бай­ла­нысты қоғамдық қатынастарды рет­тейді және валюталық реттеудің мақсат­тары мен міндеттерін айқындайды. Осы жылы қабылданған заңдардың қатарында балалардың денсаулығын және дамуын зиянды ақпараттардан қорғау туралы да заң бар. 2017 жылғы мәліметтерге қарағанда, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Интернет ресурстардың қатарынан 270 мыңнан аса материалдарды алдырып тастауға мәжбүр болған, өйткені олар балалардың жас санасына кері әсер етіп, олардың бойына қатыгездік дертін егіп, агрессияны оятуға ықпал еткен. Ал енді мына заң баланың сөз бостандығы мен ақпарат алу құқын қамтамасыз ете отырып, оларды келең­сіз ақпараттардан сақтауға ықпал ететін болады деп танылды.

2018 жылы қабылданған заңдардың қатарында адвокаттық іс-әрекеттер мен заңгерлік көмекті қамтамасыз ету, стандарттау, кинематография, табиғи монополиялар туралы заңдар да болды.

Стандарттау туралы заң – біртек­тіліктің Ұлттық жүйесін реформалау шең­берінде заңнаманы жетілдіруді мақ­сат еткен. Ол өнімнің сапасын көтеріп, бәсе­келестікке қабілеттілігін арттыра түсу­ге мүмкіндік беретін болады.

Кинематография туралы заңның негізгі мақсаты – Ұлттық кино туындыларын қолдау және кинодағы қазақ тілінің өрісін ашуға арналғандығы туралы айтылды. Осы аталған заңдар дербес заңдар болса, бұлардан басқа екі конституциялық Заң­ға өзгерістер мен толықтырулар енгі­зілді. Соның ішінде Шымкент қала­сы­ның республикалық дәреже­дегі қала­лар қатарына енуіне және Түркістан об­лы­сының құрылуына байла­нысты Қазақ­стан Республикасының әкімшілік-тер­ри­то­риялық құрылымына өзгерістер енгізу туралы заң қабылданды. Дербес заңдардың қатарында жыл сайын бекіті­летін келер жылдардың бюджеті мен Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансферттер туралы заңдар да бар.

Сонымен бірге қолданыстағы заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы отыздан артық заң қабылданып, қолданысқа енді.

Парламент қабылдаған заңнама­ның үлкен бөлігі Қазақстанның түрлі мемлекеттермен жасаған халықара­лық ке­лісімдерін ратификациялайтын заң­­дарды қабылдауға арнал­ды. 2018 жылы сондай 40-қа жуық заң қабыл­данды. Қабылданған заңдардың арасын­да Парламент депутаттарының бас­­та­ма­шыл­дығымен әзірленгендері де бар. Соның ішінде жоғарыда аталған балалардың денсаулықтары мен дамуына зиян келтіретін ақпараттардан қорғау туралы және оған ілеспе заңдар депутаттар­дың бастамашылдығымен дайындалды. Сондай-ақ газ және тұрғындарды газбен қамтамасыз ету туралы заң да депутат­тардың бастамашылдығымен әзірленді. Білім беру туралы заңға енгізілген өзгеріс­тер мен толықтырулар туралы заңды да депутаттар көтерген.

Міне, қысқаша айтқанда халық қалау­лылары 2018 жылы осындай қыз­меттер атқарды.

Жақсыбай САМРАТ,

«Егемен Қазақстан»

Дереккөз: http://egemen.kz/