«Сәтті Жұлдыз» жыл қорытындысын шығарды
900 000-нан астам жеңімпаз бен 1 миллиардтан астам теңге жүлделі төлемдер. Қазақстандық ұлттық лотерея операторы «Сәтті Жұлдыздың» 2018 жылдағы бастапқы нәтижелері осындай. Еліміздегі жаңа миллионерлердің саны қарқынды түрде өсіп келеді.
«Бұл жыл бізге негізімізді қалаушы және өте маңызды болды. Осы жылдың наурыз айында біз өзіміздің негізгі орталық жүйеміз − «AEGIS»-ті толық көлемде іске қостық. Сол сәттен бастап еліміздегі қазіргі лотереяның есебі басталды деп айтса да болады», − деп бөлісті «Сәтті Жұлдыз» АҚ президенті Александр Тен.
2018 жылы «Сәтті Жұлдыз» АҚ негізгі «AEGIS» IT-жүйесінде лездік лотереяның 3 түрін және тираждық лотереяның 4 түрін іске қосты. Лотереялық есеп беру орталығы деп аталатын аппараттық-бағдарламалық кешен Реттеушіге нақты уақыт режімінде сатылып жатқан лотерея билеттері жайлы ақпаратты алып отыруға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тұлғасындағы мемлекеттік реттеуші, арнайы құрылған IT-инфрақұрылым көмегімен республика бойынша барлық лотерея билеттерінің сатылымын тұтастай бақылап, сәйкесінше қазақстандық бюджетке түсетін кіріс пен жеңімпаздарға ұтыстардың төленуін қадағалап отырады.
«LOTO 6/49», «KENO», «777» тираждық ойындары және «Жомарт 3» пен «777» лездік лотереялары наурыз айында іске қосылды, 25 сәуір күні өнім қоржыны «3 Алмаза» лездік лотереясымен толықтырылды, ал Жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтарға жаңа «TeleBingo» ойыны ұсынылды. Толық емес бір жыл ішінде лотерея 2 миллиардтан астам теңгеге билеттер сатқан. Компанияның айтуы бойынша, табыстың сыры ойнатылымдарды өткізудің айқындығы және ең маңыздысы − инновациялық технологияларда жатыр. Айта кететін жайт, «Сәтті Жұлдыз» ойнатылымдарының адалдығы мен кездейсоқтығын әлемдегі ең беделді 2 лотереялық қауымдастық – Еуропалық ELA және дүниежүзілік WLA растады.
Лотерея қауымдастықтарының негізгі талаптарының бірі болып компанияның әлеуметтік жауапкершілігі табылады. 2018 жылы «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотерея операторы Спортты дамыту қоры мен Ұлттық олимпиада комитетіне ойынның жалпы табысының 15%-ы көлеміндегі мақсатты аударымдарды аударды.
«Өздеріңіз білетіндей, заң бойынша сатылым мен жүлде қоры арасындағы айырмашылықтың 10%-ы спортты дамытуға аударылуы керек. Біздің компания өзіне көтеріңкі міндеттемелер алып, 15% аударады. Қазірдің өзінде 50 миллион теңгеден аса сома аударылды, ал 2018 жылдың нәтижесі бойынша бұл сан 70 миллион теңгеден асады деп ойлаймын», − деп мәлімдеді Александр Тен.
Лотерея саласындағы 2 жылға жуық үзіліс Қазақстан бойынша мыңдаған лотерея билеттерін таратушылардың жұмыс орындарын ауыстыруына әсер етті. Жаңа «Сәтті Жұлдыз» лотерея операторының пайда болуымен олардың көбісі бұрынғы жұмыстарына, тек басқа компанияға қайта оралуда. Қазақстанда лотерея нарығының дамуымен осы салада жұмыспен қамтамасыз етілген халықтың да саны артты. Шамамен 3000 қазақстандық азамат лотерея саласында қызмет етеді, соның арасында шағын және орта бизнес иелері де бар.
«Сәтті Жұлдыз» АҚ президенті Александр Теннің сөзіне сүйенер болсақ, 2018 жыл Ұлттық лотерея операторы үшін табысты болды. Келесі жылы компанияның өнім қоржынын толықтырулар және қазақстандықтарға төленетін төлемдер мөлшерінің бірнеше есе көбеюі де күтілуде.
Дереккөз: http://egemen.kz/