Қазақстандықтар Жаңа жыл қарсаңында қандай тауарларды көп сатып алады?

0
электронды сауда
Фото: Dgitalbursa.com

“Яндекс.Касса” Қазақстан тұрғындарының Жаңа жыл алдында қандай заттарды сатып алатынын анықтады. Сервис сарапшыларының мәліметінше, қазақстандықтар мереке қарсаңында интернет-дүкендерден тұрмыс техникасын, смартфондарды, электроника мен спорт тауарларын көп сатып алады екен.

“Яндекс.Касса” арқылы тұрмыс техникасын сатып алу төлемдері былтырғы осындай кезеңге қарағанда биыл шамамен 50%-ға, электроника мен смартфондарды сатып алу төлемдері 45%-ға, спорт тауарларын сатып алу төлемдері 40%-ға көбейген. Әдеттегідей азық-түлік сатып алу көрсеткіші де жоғарылаған – мұндай төлемдер 55%-ға артып отыр. Ал косметика мен парфюмерия сатып алу төлемдерінің саны 25-ға өсіпті.

Қазақстандықтар Жаңа жыл қарсаңында жануарларға арналған тауарларды да көп сатып алатын болып шықты. Үй жануарларына арналған дүниелер бойынша төлемдер саны 70%-ға артқан.

Ал бұл кезеңде киім-кешек, аяқкиім мен аксессуарларға сұраныстың төмен болатыны анықталды: төлемдер саны былтырға қарағанда 35%-ға азайған. Жаңа жыл алдында қазақстандықтар үй шаруашылығына арналған тауарлар мен кітаптарды да көп сатып алмайды екен – мұндай тауарлар бойынша төлемдердің саны 15%-ға және 5%-ға азайған.

Қазақстандықтар орташа есеппен спорт тауарларына көп қаражат жұмсайды, орташа чек – 51 878 теңге. Былтыр Жаңа жыл алдында мұндай тауарларға жұмсалған қаражаттың орташа көрсеткіші 69 054 теңге болған. Косметика мен парфюмерияға қазақстандықтар ә дегеннен 47 902 теңгені бір-ақ шығындауы мүмкін. Тұрмыс техникасының орташа чегі – 41 566 теңге, зоотауарлардікі – 30 372 теңге. Электроника мен смартфонға жұмсалатын қаражаттың орташа көрсеткіші – 30 323 теңге болса, үй шаруашылығы тауарларынікі – 29 289 теңге. Қазақстан тұрғындары интернет-дүкендерден тағам өнімдеріне орташа есеппен 22 436 теңге, киім-кешекке 22 355 теңге, кітапқа 3 813 теңге жұмсайды.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

Дереккөз: Baribar.kz