Сырдарияда бөгет бұзылып, 60 гектар жерді су басты

0
Сырдарияда бөгет бұзылып, 60 гектар жерді су басты


Қызылорда облысының Қазалы ауданында Сырдария суы бөгетті ағызып әкетті.

Қалыптасқан жағдайға облыстық жұмылдыруға дайындалу бөлімінің басшысы Асылбек Шаменов түсініктеме берді деп жазады Sputniknews.kz.

«60 гектар жайылым жерді су басты. Халық үшін ешқандай қауіп жоқ, су басқан жерге ең жақын елді мекен алты шақырым қашықтықта орналасқан», – деді ол.

Төтенше жағдай орнына 50-ден астам арнайы техника жөнелтіліп, бөгеттің бұзылған жері бітеліп жатыр.  

«Онда 150-ге тарта адам жұмыс істеп жатыр, бәрі бақылауда», — деді Шаменов. 

Оның айтуынша, Қызылорда облысы аумағындағы 1274 километр жерден Сырдария өзені ағып өтеді. 

«Өзендегі 609 километр бөгет елді мекендерді тасқыннан қорғайды. Біз қауіпті телімдерді білеміз, олардың саны 56, әр телімде тәулік сайын мониторинг жасалады», — дейді Шаменов.

Арал маңында Сырдарияны әлі түгел мұз жапқан жоқ. Егер облыстың солтүстігінде мұз басқан болса, оңтүстік өңірлерде, Шиелі мен Жаңақорғанда әлі су қата қойған жоқ. Синоптиктер ауа райы нашарлайтынын ескертіп жатыр. Қытайда лай көшкіні жүріп, мыңдаған адам үйін тастап қашты   

«Қазгидромет» РМК Қызылорда гидрометеорологиялық орталығының ақпаратына сәйкес, 27-29 желтоқсанда Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады», — деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.