Адам өз жасынан неге ерте қартаюы мүмкін?

0

Адам өз жасынан неге ерте қартаюы мүмкін?

Адам өз жасынан егде көрінуі де мүмкін, жас көрінуі де мүмкін. Біреулер мұны табиғи заңдылық деп қабылдаса, енді біреулер ішкен-жеген асың мен саламатты өмір салтын ұстанғаныңа байланысты деп түсінеді. Ал зерттеушілер бұл жайында не дейді?

Жуырда италиялық және ағылшын ғалымдары арнайы зерттеу жүргізіп, қорытындысын шығарған. Олар 2239 еріктінің зәрі мен қан құрамын тексерген. Одан өзге мамандар еріктілердің күнделікті әрекеттері мен көңіл-күйлеріне баса мән берген.

Зерттеу жұмыстары нәтижесі бойынша адам өз жасынан ерте қартаюының бірнеше себебін анықтаған. Оның бірі — ылғи күйзелісте жүру болса, екіншісі — алкогольді ішімдіктерді көп ішу. Физикалық қимыл-қозғалыс аз болып, артық салмақ қосу да ағзаның ерте қартаюына себепкер болады екен.


Дереккөз: https://massaget.kz/