Нан-тамақтың атасы
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-778-389-9292 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Нан-тамақтың атасы
Автор: Кусепова Шолпан
Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 2 сынып
Жарияланған уақыты: 2018-12-27
Материал туралы қысқаша түсінік
Нан-тамақтың атасы
Пәннің аты | Уақыты: | Кабинет: | Мұғалім |
Сабақтың атауы | Нан-тамақтың атасы | ||
Мақсаты | Нанның дастарханға келетін жолы мен оған деген еңбегі туралы білулеріңе әрекет жасау.Еңбек адамдарын сыйлай білуге,қасиетті тағамымыз-нанды қастерлеуге үйрету.Міндеттер: 1. «Нан» туралы мақал-мәтел,нақыл сөздердің мағыналарын түсінуге көмектесу. | ||
Күтілетін нәтиже | |||
Психологиялық ахуал | Психологиялық дайындықБіз балдырған баламыз,Құстай қанат қағамыз.Дүниені аралап,Оқып білім аламыз. | Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. | |
Қызығушылықты ояту | -Нан-тіршілік нәрі,нан дастарханға оңайлықпен келмейді.-Бүгінгі сабақта нан туралы,оның біздің дастарханға келетіні туралы әңгімелесеміз.Нансыз біздің таңғы асымыз да,күнделікті тамақтануымызда,қонаққа арналған мерекелік дастарханымыз да жасалмайды. | Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі. | |
Мағынаны тану | Нан дастарханға қалай келеді? Тракторшы жер жыртады, бидай тұқымын себеді. Диқаншы оны суарады. Комбайншы піскен егінді жинайды. Жүргізуші бидайды диірменге тасиды. Диірменші ұн тартады. Ұнды нан зауытына апарады. Наубайшы ұннан нан пісіреді. Нан дүкенге түседі. Сатушы нанды халыққа сатады.-Балалар, сендер нанның қандай еңбекпен келетінін көрдіңдер.-«Нан дүкенінде» қандай нан түрлері сатылады?-Қара нан, ақ нан, батон, тоқаш, құймақ.-Балалар, қандай қазақтың ұлттық нан өнімдерін білесіңдер?-Бауырсақ, шелпек, ши бауырсақ, таба нан.-Үйде жаттап келген нан туралы мақал-мәтел, өлеңдерді айтыңдар.Ас атасы-нан.Нан болса, ән де болады.Нан тамақтың атасы,Ынтымақ-көптің батасы.Оқулықтағы мәтінді талдау. | ||
Сергіту сәті | Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке? | Ой сергітеді,шашағандарыбасылады | |
Ой толғаныс | Шығармашылық тапсырма:Сөзжұмбақ.Сөзжұмбақта нанды біздің дастарханға қою үшін еңбек ететін адамдардың мамандықтары жасырылған.-Нанды біздің дастарханға әкелу үшін кімдер еңбек етеді? Оны біз ұлттық тағамымыз бауырсақтан табайық. | ||
Үйге тапсырма | Мазмұндау | Күнделіктеріне жазып беремін | |
Бағалау | Бағалау парақшасын толтырады. | ||
Кері байланыс | Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.