Алтын тостаған
Ұлытау өңіріндегі «Болған ана» кесенесінен біздің заманымыздың 12 ғасырына дейінгі құнды жәдігерлер табылды. Салмағы 400 грамм болатын тостағанның жан жағы ою-өрнекпен көмкерілген. Ортасында қызғалдақ бейнеленіпті. Онымен қоса қорымнан әйелдің былғары етігі, сүйектен жасалған шашқа тағатын түйреуіш пен жібек матаның қиындысы табылған.
Қазба жұмыстары Алтын Орда билеушілерінің Ұлытау өңірін мекендегінін ресми түрде дәлелдеу үшін жасалған. Ел арасында Болған ана жайлы аңыздар көп. Біреулер оны Шыңғыс ханның қызы десе, біреулер келіні дейді. Бұл сұрақтың нақты жауабын тарихшыларға қалдырып, жәдігерлер жайлы археолог Айбар Қасеналиннің ойын тыңдасақ.
#Алтын орда
#жәдігер