Несиеге телефон алған отбасы пәтерінен айырылды

0
614

Украинада Киев облысының тұрғыны несиеге ұялы телефон алып, несиесін жаппағаны үшін пәтерінен айырылды.

Әйелдің сөзінше, ол несиені 2006 жылы танысының өтінішінен кейін рәсімдеген. Сол кезде ол банктен 3100 гривен алыпты, деп хабарлайды Politeka порталына сілтеме жасап Stan.kz.

Арада 10 жыл өткеннен кейін танысының төлем жүргізбей келгені анықталыпты. Ал отбасы тұрып жатқан пәтер сатылымға қойылған.

Нәтижесінде пәтер электрондық сатылымға шығарылып, миллион гривеннен асатын құнына қарамастан, 800 мың гривенге (10 млн 900 мың теңгеден аса) сатылған. Пәтер иесіне бұл ақшаның жартысына жуығы берілді.

Басылымда аталғандай, осы уақыт бойы бан қызметкерлері несие үшін төлем жүргізілмегенін бірде-бір рет хабарламапты. Ал сотқа шақырту қағазы ешкім басқа мекен жайға жіберілген. Ендігі әйел аппеляциялық шағым түсірмек.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/