Майшам арқылы дәстүрден тыс сурет салу әдісі. Мастер класс
Тақырыбы: Майшам арқылы дәстүрден тыс сурет салу әдісі.
Кіріспе Менің бұл технологияны алу себебім, балалар дәстүрден тыс тәсілдер арқылы сурет салғанды ұнатады. Бұл шығармашылық ойлауды, қиялды, қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейтуге ықпал етеді.
Мақсаты: Балаларды сурет салудың дәстүрлі емес әдістерімен таныстыру. Міндеттері: Балалардың дәстүрлі емес әдістермен сурет салуға қызығушылығын дамыту: Балалардың шам (балауыз) қасиеттері және балауыздың сумен өзара әрекеттесуі туралы білімдерін кеңейту;
Қорыта айтқанда майшам арқылы сурет салу балалар үшін өте қызықты процесс. Сурет салу барысында байқампаздық, эстетикалық қабылдау, көркемдік талғам, шығармашылық қабілеттер жетілдіріледі,бейнелеу өнеріне қызығушылық дамиды.Баланың сурет салу мүмкіндіктері артады. Қолға,киімге кез келген жерге жұғып қалса оңай тазаланады. Шығармашылық-осындай дәстүрлі емес техникасын пайдалана отырып, балалардың қиялын оятады және көптеген жағымды эмоциялар тудырады.
Күтілетін нәтиже:Балалардың сурет салуға деген қызығушылықтары артады.Шығармашылық қабілеттері дамидыБейнелеу өнері туралы түсініктері кеңейеді.
Назарларыңызға рахмет!!!