Сәрсенбі күні елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады

0

Республиканың кей жерлерінде тұман сақталады.

Республиканың батыс және оңтүстік облыстарында тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын жауып, көктайғақ күтілед, жел күшейеді, батыста жаяу бұрқасын болады, ал қалған аймақтарда жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады. Бұл туралы zakon.kz, Қазгидромет берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Республиканың кей жерлерінде тұман сақталады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, жел 17-22 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, жел 18 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысында жолдарда көктайғақ болады. Түркістан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Түнде Алматы облысының солтүстігінде өте қатты аяз күтіледі, Шығыс Қазақстан облысында, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде қатты аяз болады.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/