Бразилияда қылмыскерлерді көшеде атып тастауға шешім қабылданды

0

2018 жылғы 25 желтоқсан 09:20 311

Бразилияда қылмыскерлерді көшеде атып тастауға шешім қабылданды


АСТАНА. ҚазАқпарат — Рио-де-Жанейро көшелерінде қару асынып жүрген, қылмысқа қатысы болуы мүмкін күдікті адамдарды полицияның арнайы командалары атып тастайды. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.

Атқыштар жұп-жұбымен жүр. Олардың бірі автоматпен қылмыскерді жусатып салса, қасындағы серігі оның әрекетінің заңға сәйкестігін дәлелдеу үшін оқиғаны видеокамераға түсіріп отырады.

Федералдық судья Уилсон Витцельдің айтуынша, қару асынған қылмыскерлер ескертусіз атылады. Өйткені көшеде қарумен жүретін қандықолдар кез келген адамды өлтіріп кетуі мүмкін.

Бразилия әлем елдері арасында адам өлтіру деңгейі ең жоғары ел болып отыр. Онда жылына 64 мың осындай дерек тіркеледі.

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz