Бүйрегін бейтаныс аруға берген оралдық жігіт әке атанды (фото) — новости Казахстана

0

«Жан жылуы» бағдарламасын көріп, Шымкентте тұратын қызға тез арада бір бүйрегін берген оралдық азамат әке атанды. Бұл туралы Алпамыс Шәрімов өз Instagram парақшасында жариялаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Осы жылы оңтүстік өңірдің Әйгерім есімді қызымен танысып, Оралға келін етіп түсірген Абзалдың шаңырағында шекесі торсықтай ұл дүниеге келген.

Өз досын құттықтаған Алпамыс Шәрімовтың оқырмандары бұл жаңалықты естіп қатты қуанған екен.

Олар жұбайларға тек қана бақыт, ал жаңа туған нәрестеге ұзақ өмір тілеген.