Автобус апатынан 3 адам қаза тапты

0
Автобус апатынан 3 адам қаза тапты


Түркияда автобус жол-көлік апатына ұшырады.

Апат салдарынан кем дегенде үш адам қаза тауып, тағы 35 адам зардап шекті. Бұл туралы сәрсенбі күні елдің Habertürk телеарнасы хабарлады. Кыршехирдан Анкараға жол тартқан автобустың жыраға түсіп, аударылып кеткені атап өтіледі. Жол апатына ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін.

Оқиға орын алған жерге төтенше жағдайлар басқармасы, Ұлттық медициналық-құтқару қызметінің өкілдері, жедел жәрдем қызметі мен жандармерия қызметкерлері жіберілген.