Республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы жанданды
2018 жылғы 25 желтоқсан 10:16 181
АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін сағат 9:00-ден бастап Астанадан барлық бағыттарға шығатын жолдар ашылды. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК-дан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Айта кетейік, кеше кешқұрым қатты аязға байланысты бірқатар облыстарда дизель жанармайымен жолаушы және жүк таситын көлік түрлеріне жолға шығуға шектеу қойылды.
Қазір уақытта Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары аумағындағы жолдар ашық.
Ал Қостанай облысы аумағындағы «Екатеринбург-Алматы» жолының 687-729 шақырымындағы Сарыкөл мен СҚО шекарасы аралығында дизель жанармайымен жүретін және жолаушы көліктеріне жол жабық.
Сонымен қатар, «Мамлютка-Қостанай» жолының Ұзынкөл мен СҚО шекарасына дейінгі 180-241 шақырымында жолаушылар көлігінің қозғалысына шектеу енгізілді.
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz