Денис Тенді тапсырыспен өлтірген бе?
Жәбірленуші тараптың қорғаушысы істі қосымша тергеуге жіберуді сұрады. «Алматыда Денис Теннің өлімі бойынша қылмыстық іске қатысты өтіп жатқан сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаты «Денис Тен тапсырыспен өлтірілді» деп мәлімдеді» деп хабарлайды Sputnik Қазақстан порталы.
Теннің отбасының қорғаушысы Нұрлан Өстеміров соттан істі қосымша тергеуге жіберуді сұрады. Жәбірленуші тарап іске қатысты процессуалдық бұзушылықтар бар және қылмыс тапсырыспен жасалды деп есептейді.
«Біз қылмыстың сыбайластарын анықтау үшін істі прокурорға қосымша тергеуге жіберуді сұраймыз. Істің материалдарындағы дәлелдердің қайшы тұстары бар, олар қылмыстың тапсырыспен жасалғанын көрсетеді. Айдап салушылар мен арандатушыларды жауапқа тарту керек. Қосымша тергеу жүргізіп, дербес сот өндірісіне бөлуді сұраймыз», – деді Өстеміров.
Оксана Тен бұл пікірмен толықтай келісетінін айтты. Бұдан бөлек, жәбірленуші тараптың қорғаушысы Астана тұрғыны Самар Шәмшиевті сотқа жеткізуді сұрады. Ол бұған дейін Арман Құдайбергеновтің ұрлығынан зардап шеккен.
Ал айыптаушылар Оксана Теннің қорғаушысының арызының қайтарылғанын айтты. Құдайберген мен Қиясовтың қорғаушылары істі қайта қарауға негіз жоқ деп отыр.
Бүгін Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы басталды. Сотқа 100-ге жуық адам жиналды, олардың арасында спортшының туыстары, БАҚ өкілі қатысып жатыр. Бұған дейін күдіктілер туралы айтқан болатынбыз.
«Айқын» ақпарат
Дереккөз: Айқын