Қазақстанда цифрлық фабрикалар пайда болады

0
24 Желтоқсан 2018, 12:35 171 0

Астана, BAQ.KZ. 2025 жылға дейін тау-кен-металлургия саласында 140,2 млрд теңгеге 14 циярлық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл жөнінде LS порталы инвестициялар және даму министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ведомствода мәлімдегендей, аталған жобалардың экономикалық ықпалы 239,8 млрд теңге көлемінде болмақ.

«Цифрландыру жобасы бойынша өткен жылы үш жоба іске асырылды. 2018 жылы тағы үш жоба аяқталады», — деп атап өтті министрлікте.

Іске асырылған жобалардың экономикалық әсеріне келсек, ведомствода мәлімегендей, ERG өз бағдарламаларынан 2025 жылға қарай 147,88 млрд теңге, ал Қазмырыш 2022 жылға дейін 840 млн теңге күтіп отыр. Сонымен қатар, операциялық шығындар 10 процентке төмендейді деген болжам бар.

Жалпы, елімізде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша тау-кен-металлургия кешенінде бірнеше ірі жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Соның бірі – өндірісті атоматтандыруға бағытталған, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар базасында модельдік цифрлық фабрикалар құру болып табылады. Министрлікте атап өткендей, қазақстандық өндіріс бұл бағытқа әлі де жеткілікті деңгейде қызығушылық танытып отырған жоқ. Бұған компаниялардың экономикалық тиімділікті дұрыс түсінбей отырғаны және білікті кадрлардың жетіспеушілігі себепкер. Әйткенмен, модельдік цифрлық фабрикаларды 2020 жылға дейін құру жоспарда бар.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ