Әділет министрі қайыршыларға садақа беру жайлы: Оларға басқаша көмектесу керек

0
24 Желтоқсан 2018, 12:53 209 0

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев қайыр тілегендерге садақа беру-бермеу мәселесіне қатысты ойын айтты. Жуырда Мәжіліс депутаты Шакир Хахазов қайыршыларға садақа беретіндерге айыппұл салуды ұсынған еді.

«Сіз көшеде қайыр тілеп тұрған адамдарға садақа бересіз бе?» деген сұраққа министр «бұл жеке мәселе» деп жауап қатты.

«Менің ойымша, адамдарға тікелей көмектесу керек. Мысалы, көшеде біреуге ақша берсеңіз, ол осы ақшамен не істейді, біз білмейміз. Өз-өзімізді жақсы сезініп кетеміз де, бірақ осы ақшамен не болады, оны білмейміз. Меніңше, адамдарға басқаша көмектесу керек. Мысалы, білім беру туралы мәселелерді шешуіміз қажет. Өйткені, адамдар білім алып, жақсы жұмыс тауып, өз-өзіне көмектеседі», — деді Бекетаев Мәжіліс кулуарында берген сұхбатында.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Шакир Хахазов ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа жолдаған сауалында елімізде қаптап кеткен қайыршылар мен олардың бизнесіне жол бермеу мәселесін көтерген болатын.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ