Аязда жұмыс күнін қысқартуды ұсынды

0
72

Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті кәсіпорындар мен мекемелерді жұмыс күнін қысқартуға шақырды.

«Ауа райының бұзылуы және ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік органдарға, білім мекемелеріне, кәсіпорын (базарлар, СОО), құрылыс нысандарында жұмыс күнін қысқартуды ұсынады. Бұл ақпарат қаланың тіршілікпен қамтамасыз ету ұйымдары, атап айтқанда өрт сөндіру қызметі, полиция, төтенше жағдайлар департаменті, жедел жәрдем қызметі, коммуналдық қызметтеріне қатысты емес» делінген хабарламада. «Қазгидрометтің» мәліметінше, 25 желтоқсан күні ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендейді, дегенмен сезілуі -38 градус. Жел екпіні – секундына 2 метр. Төтенше жағдайлар департаменті оқыс оқиға орын алса, 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.

«Айқын» ақпарат  

Фото авторы: Тұрар Қазанғапов

Дереккөз: Айқын