«Барыстың» жеңісінен кейін жанкүйерлер хоккейшілерге қонжық лақтырды
Құрлықтық хоккей лигасында «Барыс» өз айдынында Владивостоктан келген «Адмирал» клубын 4:3 есебімен ұтты
АСТАНА, 25 желтоқсан — Sputnik. «Барыс» — «Адмирал» матчында елордалық клуб жеңіске жеткен соң, «Барыс Арена» сарайының мұз айдынына жүздеген қонжық жауды.
Мұз айдынындағы жұмсақ ойыншықтар – 2015 жылдан басталған елордалық хоккей клубының дәстүрі, «қонжықтар жауыны» деп аталады.
Барыс-Адмирал матчынан кейінгі «қонжықтар жауыны»
«Барыс» клубының өз алаңында жаңа жыл қарсаңында өтетін матчқа көрермендер қонжық ала келіп немесе жұмсақ ойыншықты стадионнан сатып ала алады.
Ақтық сирена үні шыққан бойда әр жанкүйер сүйікті ойыншысына қонжық лақтырады.
Бұл көңілді шараға «Барыстың» бас бапкері де қатысыпты.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/