Астанада қысқы марафон өтеді — Спорт|22 Желтоқсан 2018, 13:47
Астана, BAQ.KZ тілшісі. 23 желтоқсанда Астанада Қазақстанның Денсаулық елшілері Марат Жыланбаевтың және Ибрагим Ескендірдің қатысуымен «Мүмкіндік шегінен тыс» ұранымен жыл сайынғы 2-ші «Аstana Winter Marathon-2018» марафоны өтеді. Марафон Триатлон паркінде өтеді.
300-ден астам адам Қазақстанның, Ресей және Украинадың әртүрлі қалаларында да жүгіреді. Жүгіруге 12 жастан 74 жасқа дейінгі спортшылар қатысады.
Видео: Нұржас Жақсыбай
Жарыстың мақсаты – халықты ауа-райы жағдайына қарамастан, таза ауада дене шынықтырумен және спортпен белсенді түрде айналысуға шақыру; спорттық туризм саласында бұқаралық спортты және Астананың әлеуетін дамыту; жас спортшыларды қолдау.
Жарыс бағдарламасы бойынша қатысушылар 42 км, 21 км, 10 км және 5 км қашықтыққа жүгіреді.
— 42 км марафон және 21 км жартылай марафонға 18 жастағылар және одан жоғарылар;
— 10 км қашықтыққа серіктесіп жүгіруге 14 жастағылар және одан жоғарылар (ата-аналарының/қамқоршыларының жазбаша келісімі арқылы);
— 5 км қашықтыққа 12 жастағылар және одан жоғарылар (ата-аналарының/қамқоршыларының жазбаша келісімі және бірге қатысуы арқылы) жіберіледі.
Жеңімпаздар медальдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Финишке жеткен қатысушыларға естелік медальдар беріледі.
Жарысты өткізу күні және уақыты: 2018 жылғы 23 желтоқсан, сағ. 09.00-ден бастап сағ. 15.30-ға дейін.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ