Италия Сенаты жаңа бюджет жобасын қабылдады

0

Италия Сенаты келер жылдың жаңа бюджетін қабылдады. Брюссельмен біраз уақыт бойы дау туғызған бюджет қаңтарда қолданысқа енбек.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, заң жобасын 167 депутат қолдап, 78-і қарсы дауыс берген. Сенат қабылдаған құжат енді Италия парламентінің төменгі палатасында бекітілуі тиіс.

Биыл маусымда Рим әлеуметтік бағдарламаларға қатысты бюджет көлемін 0,9%-ға ұлғайтуды ұсынып, Брюссель оны кері қайтарған болатын. Себебі екі тарап ұсынысындағы айырмашылық 25 миллиард еуроға жеткен. Осыған дейін Еурокомиссия одақ құрамындағы елден алғаш рет бюджет жобасын толықтыруды талап еткен болатын.

Еуротоп Италияға жаңа бюджет жобасын дайындауға біра апта уақыт берген. Алайда, Италия тарапы бұл ұсынысқа түбегейлі қарсылық білдірді. Италия ішкі істер министрі Маттео Сальвини «Егер Еуропаға бұл ұнамаса, Рим бәрібір өз қалауын жүзеге асырады» – деп мәлімдеген болатын. Ал Еуротоп төрағасы Марио Сентено Италияның келер жылғы бюджеті Еуропалық Одақ талаптарына сай келмейтінін айтып, 17 қарашада қаржылай көмекті қысқарту мақсатында санкция енгізу туралы шешім шығарды. Қатаң қаулыны жүзеге асырса, Италия экономикасы едәуір құлдырап кетуі ықтимал. Сол себепті мемлекет Сенаты Еуропалық Одақтың талабын орындауға бел буды.

«The Qazaq Times»

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз