Санақ бөлімдерінің меңгерушілері | Скачать Курстық жұмыс
Мазмұны
Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … …3
1 Бөлім. Бұланды ауданы бойынша халық санағын жүргізетін мекеменің
құрылымы
1.1 Кәсіпорын туралы жалпы
мағлұмат … … … … … … … … … … … … … … … … .5
1.2 Кәсіпорынның жалпы қызмет
өрісі … … … … … … … .. … … … … … … … … … 9
2 Бөлім. Халықтың ұлттық санағын өткізу тәртібі және санақ құралдарын
толтыру жөніндегі нұсқаулықтар
2.1. Халық санағын өткізу
тәртібі … … … … … … … … … … … … … … … … … .1
5
2.2. Бұланды ауданындағы халық санағының қорытындылары мен
маңыздылығы … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … .25
Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … ..30
Қолданылған
әдебиеттер … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … … … … 33
Кіріспе
Халық санағын жүргізетің мекеменің мақсаты алдағы 25 ақпанда елімізде
өтетің Ұлттық халық санағы ойдағыдай жүзеге асыруы керек. Бұл акция
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері екінші рет өткізіліп отыр. Ендігі
жерде ұлттық маңызды шараны ойдағыдай өткізуге іскерлік, ынта-жігер,
жауапкершілік пен үлгілі ұйымдастырушылық іс-әрекет қажет.
Халық санағын жүргізетің мекеменің міндеті елдің облыстарында,
аудандары мен қалаларында санақ жүргізудің бекітілген ұйымдастырушылық
жоспарлары негізінде жұмысқа тартылатын санақ кадрларының: есепшілердің,
нұсқаушы-бақылаушылардың және санақ бөлімдерінің менгерушілерін оқыту,
дайындау. Санақ кадрларын іріктеу кезінде белгілі талаптар қойылуы
керек.Яғни, санақ қызметкерлері тіл табысқыш, кішіпейіл, әдепті, шыдамды,
жазба нұсқауларды жіті ұстанатын, жақсы ұйымдастырылған, өзінің ойын ауызша
және жазбаша түрде анық жеткізе алатын, сонымен қатар жұмыс тобында жақсы
қызмет атқара алатын болуы керек. Санақ кадрлары материалдық-техникалық
құрал-жабдықтармен, санақ бөлімдері көлікпен қамтамасыз етілеуде. Санақ
бөлімдері жақсы жабдықталған ғимараттарға орналастырылуын қамтамасыз ету.
Кәсіпорынның қызмет өрісі санақ кезінде жақсы жұмыс істеп барлық
алынған мәлеметтерді уақытында бақылап, қадағалау. Халық санағы әрбір
азаматтан сұрау арқылы өткізу. Бұл үшін арнайы уәкілетті және оқытылған
қызметкерлер өзінің жұмыстарын тиянақты істеу. Олар әрбір тұрғын үйге
кіріп, берілген санақ парақтарын толтырадыСанақтың мақсаты оның нәтижелері
болып табылады. Жұмысқа тартылатын санақ кадрларының: есепшілердің,
нұсқаушы-бақылаушылардың және санақ бөлімдерінің менгерушілеріне деген
қажеттілік анықталды.Халық арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары
белсенді жүргізілуі керек. Осыған сәйкес санақты көпшілікке насихаттау,
халық арасында оның мақсаты, міндеті және маңызы жайында ақпараттық
түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуы қажет. Кейбір адамдар
күдікпен қарап, сенімсіздік танытады. Осы сияқты жағдайларды болдырмау
мақсатында, біздің сайтымызда Қазақстандағы санақ процедурасы ережелерімен
және оның негізгі бағыттары мен міндеттемелерімен таныстыратын сұрақ-
жауап нысаны бойынша барлық қажетті ақпарат орналастырған.
Санақ құралдарын толтыру 2009 жылы ақпанның 25-де жергілікті уақыт
бойынша таңғы сағат 8-де басталып, 2009 жылы наурыздың 6-да аяқталады.
Санақ жөніндегі уәкілетті қызметкерінің, санақ бөлімдерінің
меңгерушілерінің, нұсқаушы-бақылаушыларының өздерінің арнайы халықтың
ұлттық санағын өткізу тәртібі және санақ құралдарын толтыруға арналған
қойын дәптерлерін тапсыру. Осы арқылы санақ парақтарын дұрыс толтырылуын
қадағалау.
Санақты өткізу кезінде халықтың белсенді қатысуы өте маңызды. Есепшінің
сұрағына дәл жауап беруіміздің әрбір азаматының қоғамдық міндеті болып
табылды, себебі халық туралы осы мәліметтер кейін оның әл-ауқатын жақсарту
үшін қолданылады.
( Бөлім. Бұланды ауданы бойынша халық санағын жүргізетін мекеменің
құрылымы
1.1 Кәсіпорын туралы жалпы мағлұмат
Бұланды ауданы бойынша халық санағын жүргізетін мекеме Ақмола
облысының солтүстігінде орналасқан. Бұл ауданға 11 ауылдық округтер кіреді.
Аудан орталығы Макинка қаласы.Осы аудан Еңбекшілдер, Ақкөл, Астрахан,
Сандықтау, Щучия аудандарымен және Степняк қаласымен шектес болады. Әр
жылдың өз жаңалығы болады. Ал бұл жылдың статистика жүйесі үшін бүкіл
Қазақстан аумағында ұлттық халық санағын өткізетің жыл ретінде, ел халқының
өмірінде мемлекеттік маңызы зор.Саяси, экономикалық, әлеуметтік,
демографиялық мәні зор ұлттық халық санағы бүгін бірінші күні басталып
отырған жаңа 2009 жылдың 25 ақпаны мен 6 наурыз аралығында өткізілді. Оған
дайындық жүргізілді. Өйткені, халық санағы ұқыпты ұйымдастырушылық
жұмыстарын талап етіледі. Облыстық статистика департаменті осынау маңызды
науқан алдында халық арасында кең түсінік жүргізуге көп көңіл
бөлді.Облыстық статистика департаментінің 2009 жылғы ұлттық халық санағы
атты арнайы сайтында көптеген мәліметтер, түсініктер орналастырылды. Халық
санағы — белгілі бір уақытта елдің барлық азаматтарына немесе елдің нақты
шектелген бөлігіне қатысты демографиялық, әлеуметтік және экономикалық
деректерді біріңғай жинау, қорытындылау, бағалау, талдау және жариялау
немесе басқаша жолдармен тарату процесі. Жергілікті атқарушы органдармен
бірлесе отырып санаққа дайындықтың жоспар-кестелері талданып, бекітілді.
Аумақтық-әкімшілік шекаралар белгіленіп, үйлер нөмірі, көшелер аттары
тәртіптеліп, картографиялық материалдар дайындалған. Енді республикалық
Статистика агентінің тапсырмалары бойынша ұлттық халық санағын өткізудегі
ең негізгі әдістемелік құжат болып табылатын ұйымдастыру жоспарларын қайта
пысықтау қолға алынған. Яғни санақ бөлімдері, нұсқаушылық-санақ
учаскелеріне белгіленіп, халық арасында санаққа байланысты үгіт-түсінік
жұмыстары белсенді жүргізілді. Санақ кадрлары материалдық-техникалық құрал-
жабдықтармен,санақ бөлімдері көлікпен қамтамасыз етілеуде. Санаққа
пайдаланылатын кадрлар іріктелінді. Санақ бөлімдері жақсы жабдықталған
ғимараттарға орналастырылған.
Бұланды ауданы бойынша 2009 жылғы халық санағын жүргізетін мекеме 3
санақ бөліміне, 27 нұсқаушылық және есептеу учаскісіне бөлінеді.
Бұланды ауданында халық санағын жүргізетін санақ қызметкерлері болып:
1.Аудандық статистика бөлімінің бастығы.
2.Аудандық статистика бөлімдерінің санақ жөніндегі уәкілетті
қызметкері.
3. Санақ бөлімдерінің меңгерушілері.
4. Нұсқаушы-бақылаушылары.
5. Есепшілер саналады.
Аудандық статистика бөлімінің бастығы Молдаспаева Гүлнәр Асқарқызы.
Халық санағының жүргізілуінің бақылайды.
Аудандық статистика бөлімдерінің санақ жөніндегі уәкілетті қызметкері
–Бекмағамбетова Алтынай.Бұл мекеменің 3 санақ бөлімінде 3 меңгеруші жұмыс
істейді. Бірінші санақ бөлімі меңгерушсі — Габбасов Дулат, екінші санақ
бөлімінің меңгерушісі — Хамхаев Гелани, үшінші санақ бөлімінің меңгерушісі
— Сыздықова Сәуле Сембайқызы.
Балгожин Е.М – №27 учаскесінің нұсқаушы-бақылаушысы, Сүлейменов Е.К №20
учаскенің нұсқаушы – бақылаушысы, Жарова Г.А – №21 учаскесіеің нұсқаушы-
бақылаушысы, Мусалимов А.К №13 учаскесінің нұсқаушы-бақылаушысы.
Елдің облыстарында, аудандары мен қалаларында санақ жүргізудің
бекітілген ұйымдастырушылық жоспарлары негізінде жұмысқа тартылатын санақ
кадрларының: есепшілердің, нұсқаушы-бақылаушылардың және санақ бөлімдерінің
менгерушілеріне деген қажеттілік анықталды.Санақ қызметкерлері тіл
табысқыш, кішіпейіл, әдепті, шыдамды, жазба нұсқауларды жіті
ұстанатын,жақсы ұйымдастырылған, өзінің ойын ауызша және жазбаша түрде анық
жеткізе алатын, сонымен қатар жұмыс тобында жақсы қызмет атқара алатын
болуы керек. Санақ жүргізу барысында толтырылатын негізгі құралдарға 2П
санақ парағы (тұратындардың тізімі), 2Ж (тұрғын үй жағдайы), 3С санақ
парағы және 4И (Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұрып
жатқандарға арналған) санақ парағы жатады Санақ қызметкерлері санақ тиісті
аумақтық-әкімшілік жерлердегі,мекен-жайлардағы деректерді аса
тиянақтылықпен жинап,халықтың білім деңгейін этникалық құрамын шаруашылық
түрлерін, олардың жағдайын тағы басқа жағдайларын нақтылап алулары керек.
Әрбір есепші, нұсқаушы-бақылаушы, санақ бөлімдерінің меңгерушілерінің
жүргізген жұмысын аудандық статистика бөлімдерінің санақ жөніндегі
уәкілетті қызметкеріне тапсырады. Аудандардың және қалалық елді мекендердің
аумақтарында халық санағын дұрыс ұйымдастырып,санақты толығымен қамтамасыз
ету үшін аудандық статистика бөлімдері санақ өткізудің ұйымдастыру
жоспарларын жасайды.Ауылдық жерлердегі санақты аудандастыру ауылдық елді
мекендер, үйлер тізімінің, ауылдық елді мекендер жоспарларының, аудандардың
картасының және ұйымдардың, кәсіпорындар және мекемелер тізімнің негізінде
жүргізіледі.Есепшілердің жалпы саны негізгі есеп учаскілерінде және
ауруханаларда, перзентханаларда, мектеп-интернаттарда, шипажайларда,
демалыс орындарында, балалар үйлерінде, қарттар және мүгедектерге арналған
интернат-үйлерінде, қонақүйлерде ұйымдастырылған нұсқаушы учаскілердің
санына байланысты анықталады.Нұсқаушы-бақылаушылардың жалпы саны негізгі
нұсқаушылық учаскілерінде және ауруханаларда, перзентханаларда, мектеп-
интернаттарда, шипажайларда, демалыс орындарында, балалар үйлерінде,
қарттар және мүгедектерге арналған интернат-үйлерінде, қонақүйлерде
ұйымдастырылған нұсқаушы учаскілердің санына байланысты анықталады.
Аудандар мен қалаларда санақты аудандастыру.Әрбір ауданның немесе
облыстық маңыздағы қалалардың аумағын санақ бөлімдеріне, нұсқаушылық және
есеп учаскелеріне бөлу үйлердің тізімдерінің, ауылдық елді мекендердің
қалалық елді мекендердің және ірі селолардың жоспарының аудандар
карталарының, ауылдық округтердің схемалық картасының және ауруханалардың,
перзентханалардың, шипажайлардың, демалыс орындарының, мектеп-
интернаттардың, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйлердің және
мекемелері тізімінің, сондай-ақ қонақүйлер, ұйымдар, кәсіпорындар және
мекемелер жанындағы келушілерге арналған үй-жайлар тізімінің негізінде
жасалуы керек.
Халық санағын жүргізетін мекеменің құрылымын мына кестеден қөруге
болады (1):
1.2 Кәсіпорынның қызмет өрісі
Санақ бөлімдерінде жұмыс істейтің меңгерушілері, 4 нұсқаушы-бақылаушы,
106 санақшы бар. Бұланды ауданындағы статистика бөлімінің бастығы халық
санағының дұрыс жүргізілуін қадағалап бақылап отырады.
Аудандық статистика бөлімдерінің санақ жөніндегі уәкілетті қызметкері
санақ бөлімдерінің меңгерушілерінің, нұсқаушы-бақылаушыларыдың ,
есепшілердің тапсырған жұмыстарын қадағалайды.
Санақ бөлімі меңгерушсінің міндеттері:
1. Өзінің санақ бөліміндегі нұсқаушы-бақылаушыларын оқыту;
2. Халық арасында түсіндірме жұмыстарын белсенді жүргізу;
3. Уәкілетті тұлғалардың нұсқауы бойынша санақ бөлімін нұсқаушылық
және есеп учаскілерін бөлу және нұсқаушы-бақылаушыларды өздеріне тиісті
жұмыс учаскілеріне бекіту
4. Нұсқаушы-бақылаушыларды санақ жүргізуге қажет бланклармен, санақ
жүргізуге қажетті құжаттармен қамтамасыз ету
5. нұсқаушы-бақылаушылар мен есепшілермен жиналыс өткізу,онда
тұрғындардың тізімін ,санақ парақтарын тексеру барысында кездескен
қателерді талдау
6.Аудандық көші-қоны бақылау фишкаларын талдауға қатысу
7.Санақтың жүргізілуін уәкілетті тұлғаға тапсыру
8.Есепшілер портфелінде санақ парақтарының дұрыс қатталуын және
пайдаланылмаған және бүлінген құжаттарды есепке алу арқылы қабылдап алу.
9. барлық қосалқы материалдарды(жоспарлар,карталар,ті зімдер) уәкілетті
тұлғаға тапсыру.
10.Есеп аяқталғаннан кейін қорытынды жасайды.
Есепшінің міндеттері:
1.Нұсқаушы-бақылаушыдан өзінің есеп учаскісіне жататын үйлердің тізімін
алып,халықты алдағы өткізілетін санақ туралы хабарлар ету,оның мақсаты мен
міндетін түсіндіріп,есеп есеп учаскісінде орналасқан тұрғын жайларды
аралау.
2. Есеп учаскісінде орналасқан,салынып жатқан үйлерде,мекемелер мен
кәсіпорындарда тұрып жатқан тұрғындардың және үйлердің тізімін анықтау
3.Санақ учаскісінде орналасқан барлық үйлерді аралау және үй-жайларда
тұратындардың тізімін(2П бланкі),олардың тұрғын үй жағдайын (2Ж
бланкі),санақ парақтарын (3С) және бар болған жағдайда (4И) блакілері
кіретін санақ құжаттамаларын толтыру.
4.Есеп учаскісі аумағында тұратын санақ немесе бақылама аралау кезінде
бір күнге болса да басқа жерге баруды жоспарлаған барлық адамдарды санақтан
өткізіп,олардың қолына санақтан өткендігі жөнінде анықтама беру.
5.Нұсқаушы-бақылаушыға есеп учаскісіндегі күнделікті жұмыс барысы
туралы есеп беру.
6.Санақ өткеннен кейін нұсқаушы-бақылаушымен бірге жасалған бақылама
аралауға қатысу.
7.Санақ портфельдері мен санақ материалдарын сақталымын қамтамасыз ету.
8.Санақ аяқталғаннан кейін толтырылған бланкілер мен санақ
парақтарын,есеп учаскесі бойынша жиынтық ақпаратты және барлық санақ
материалдарын,оның ішінде пайдаланылмаған және бүлінген бланкілерді,санақ
парақтарын,анықтамаларды және т.б-ды тізбеге сәйкес нұсқаушы-бақылаушыға
өткізу.
Әрбір есепші, нұсқаушы-бақылаушы, санақ бөлімдерінің меңгерушілерінің
жүргізген жұмысын аудандық статистика бөлімдерінің санақ жөніндегі
уәкілетті қызметкеріне тапсырады. Аудандардың және қалалық елді мекендердің
аумақтарында халық санағын дұрыс ұйымдастырып, санақты толығымен қамтамасыз
ету үшін аудандық статистика бөлімдері санақ өткізудің ұйымдастыру
жоспарларын жасайды.Ауылдық жерлердегі санақты аудандастыру ауылдық елді
мекендер, үйлер тізімінің, ауылдық елді мекендер жоспарларының, аудандардың
картасының және ұйымдардың, кәсіпорындар және мекемелер тізімнің негізінде
жүргізіледі.Есепшілердің жалпы саны негізгі есеп учаскілерінде және
ауруханаларда, перзентханаларда, мектеп-интернаттарда, шипажайларда,
демалыс орындарында, балалар үйлерінде, қарттар және мүгедектерге арналған
интернат-үйлерінде, қонақүйлерде ұйымдастырылған нұсқаушы учаскілердің
санына байланысты анықталады.Нұсқаушы-бақылаушылардың жалпы саны негізгі
нұсқаушылық учаскілерінде және ауруханаларда, перзентханаларда, мектеп-
интернаттарда, шипажайларда, демалыс орындарында, балалар үйлерінде,
қарттар және мүгедектерге арналған интернат-үйлерінде, қонақүйлерде
ұйымдастырылған нұсқаушы учаскілердің санына байланысты анықталады.
Санаққа байланысты көліктер бар.Көкшетау және Степногорск қалалық
әкімдіктер санақ мерзімі кезінде қалалық әкімдіктері санақ мерзімі кезінде
қалалық қоғамдық көліктерде снақшылардың тегін жүріп-тұруын қамтамасыз
етті.Баспасөз беттерінде мақала жарияланып,телеарналарда ұлттық санаққа
байланысты хабар ұйымдастырылды.Көкшетау қаласының орталығында әр 10 минут
сайын көрсетіліп тұратын жарнамалық бейнеролик ұлттық халық санағына
арналған.Қажетті бланкілер, кеңселік құрал-жабдықтар дайындалып,
санақшылардың қуіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қайта-қайта
пысықталды.Облыс әкімі орынбасары Дәурен Әділбеков Көкшетаудағы Абылай хан
алаңында облыстың 17 ауданындағы статистика бөлімдеріне Нива жеңіл
автокөліктерінің кілттері тапсырылды.Бұл алдағы жылы халық санағын
жүргізгелі отырған статистика қызметкерлеріне үлкен қолдау болып
табылады.Өз сөзінде осы жағын баса айта келе облыс әкімінің орынбасары
Д.З.Әділбеков облыс бойынша бұл қызметте 400 астам адам ортақ іс жолында
өздерінің білімдері мен күш-жігерлерін сарқа жұмсап, еліміздің орнықты
дамуы үшін бар жұмысты абыройымен атқарып келеді.Биыл халық санағы алдында
осы саланың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында жеңіл
автокөліктер бүкіл статистика тарихында тұңғыш рет тапсырылып отырған
көрінеді.Ұлттық Агенттіктің атынан берілген осы көліктердің кілтің облыс
әкімі орынбасарының қолынан салтанатты түрде қабылдап алған аудандардағы
статистика бөлімдері басшыларының жүздерінен өздеріне көрсеткен осы
қамқорлығы үшін Елбасына деген ризашылықтарын айқын аңғаруға
болады.Салтанатты шара барысында жауап сөз алған облыстық статистика
департаментінің директоры Ермек Мусина өз қызметкерлерінің бұл жоғары
сенімді ақтап алда тұрған үкен де жауапты науқан -халық санағын ойдағыдай
өткізгендігін жеткізді.
Халық санағы ұлттық маңызы бар іс-шара.Санақтың ойдағыдай өтуіне оның
мақсаттары мен міндеттерін, маңызын түсуімен байланысты.Санақты өткізу.
Әлемдік тәжірбиедегідей, Қазақстанда да санақ жұмыстары арнайы
оқытылып, үйретілген санақшылар арқылы сұрау салумен жүргізіледі.Олар әр
үйге және тұрғылықты басқа да орындарға барып, жеке -жеке сұрау салумен
санақ парақшаларын толтырады.Тұрғылықты халықтың бәрі де, тіпті олар олар
осы науқан кезінде қонақ үйлерде, ауруханаларда, уақытша тұратын орындарда
болса да, санақпен қамтылады. Егер адамдар жолда вокзалдарда, пойыздарда,
аэропорттарда болса олар барған қалалары мен елді мекендерінде міндетті
түрде санақ тізіміне енгізілуі керек.Санақ алдында дайындық, ұйымдастыру,
әдістемелік жұмыстар бір-бірімен ұштастырыла атқарылды. Мәселен, 2008
жылы Түркістан қаласында, Оңтүстік Қазақстан облысында тәжірбиелік санақ
өткізілді.Ондағы кейбір сапалық, тиімді жайлар алдағы ұлттық санақта
пайдалынылатын болатын.
Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып санаққа дайындықтың
жоспар-кестелері талданып, бекітілді.Аумақтық-әкімшілік шекаралар
белгіленіп, үйлер нөмірі, көшелер аттары тәртіптеліп, картографиялық
материалдар дайындалған.Енді республикалық Статистика агентінің
тапсырмалары бойынша ұлттық халық санағын өткізудегі ең негізгі
әдістемелік құжат болып табылатын ұйымдастыру жоспарларын қайта пысықтау
қолға алынған.
Жеке министірліктер мен ведомстволар халық санағын өз нысандарында
жүргізе береді. Санақшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ішкі істер
Министрлігінің жергілікті Департаменттеріне жүктелген.Санақ кезінде полиция
қызметінің күшейтілген кезекшілігі ұйымдастырылды.
2009жылда халықтың ұлттық санағын өткізуге жәрдемдескен аудандық
комиссияның құрамы:
Бежин Александр Иванұлы- Бұланды ауданы әкімінің орынбасары, комиссия
төрағасы.
Молдаспаева Гүлнәр Асқарқызы — аудандық стастистика бөлімінің бастығы,
төрағаның орынбасары.
Сатыбалдина Роза — аудандық сатистика бөлімінің маманы комиссия хатшысы.
Комиссия мүшелері:
Смайлова Капиталина — экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы.
Мұхамеджанов Мұрат Біләлұлы — ішкі саясат бөлімінің бастығы
Садуақасов Ғалым — аудандық аурухананың бас дәрігері
Жұманова Сәлима — Бұланды ауданы бойынша әділет басқармасының бастығы
Шәкерханов Руслан — аудандық қорғаныс істер бөлімінің бастығының
Азнабаева Самал аудандық білім бөлімі бастығының м.а
Есмағамбетова Кенжебике-аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы.
Мизамаев серік — ТКШ ЖК және АЖ бөлімінің бастығы
Салий Владимир — аудан әкім апаратының ТЖ жөніндегі бас маманы.
Дүсенбай Төлеу — Бұланды таңы аудандық газетінің редакторы.
Нұрмұханов Еркеш — аудандық жер қатынастары бөлімінің бастығы
Сарманов Қойшыбай — Бұландық аудандық телекомуникация торабының директоры.
Ларионова Надежда — Казпошта АҚ аудандық филиалының бастығы
Айдынбаев Дулат Хасенұлы Макинка теміржол станциясының бастығы
Вахрушева Галина – қаржы бөлімінің бастығы
Әбілдин Оспан — салық комитетінің төрағасы
Камелинов Амангелді — ауыл шаруашылық бөлімінің бастығы
Оспанбеков Бақытбек – сәулет және қала құрылысы бөлімінің м.а
Теренко Евгений – Бұланды жер кадрстлық филиалының директоры
Шолақов Шайдолла — Макинск қаласының әкімі
Шаримов Ғабит — Даниловка ауылдық округінің әкімі
Стихилас Владимир – Вознесенка ауылдық округінің әкімі
Фролов Александр – Журавлевка ауылдық округінің әкімі
Тайтімуова Айгүл — Айнакөл ауылдық округінің әкімі
Баталова Қайырниса – Капитановка ауылдық округінің әкімі
Шәріпов Мұрат – Карамышовка ауылдық округінің әкімі
Маушев Қайрат – Қараөзек ауылдық округінің әкімі
Ітеков Дулат – Амангелді ауылдық округнің әкімі
Құдайбергенов Аманбай – Ерголка округінің әкімі
(( Бөлім Халықтың ұлттық санағын өткізу тәртібі және санақ құралдарын
толтыру жөніндегі нұсқаулықтар
2.1 Халық санағын жүргізу тәртібі
Қазақстанда 2009 жылдың бірінші тоқсанында өтетін соңғы онжылдықтың ең
ірі ауқымды іс-шараларының бірі – Ұлттық санақ. Бұл науқан елімізде қанша
адам тұрып жатыр, олардың ішінде ерлер мен әйелдердің, балалар мен
қарттардың үлесі қандай, еліміздің аумағында қанша және қандай ұлт
өкілдері тұрып жатыр, қазақстандық отбасылардың табыс деңгейі сияқты
және өзге де көптеген сұрақтарға жауап беру үшін арнайы өткізіліп отыр. Бұл
көрсеткіштердің барлығы Қазақстанның ішкі мемлекеттік құрылымының айқын
статистикалық әлеуметтік-экономикалық бейнесін көрсетуі қажет. Санақ
нәтижелері өз кезегінде, мемлекетке болашақта саяси бағытты нақты
деректердің негізінде айқынырақ құруына мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні 2009 жылғы Халықтың ұлттық санағының ұйымдастырушылары –
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі қоғам арасында кең көлемді
ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуде. Бұл жұмыстың мақсаты 2009 жылы
санақты өткізу бағдарламасының қағидалары мен әдістері туралы халықтың
барлық топтарын ақпараттандыру болып табылады. Еліміздің көптеген
азаматтары санақшылармен ешқашан кездеспеген де болуы мүмкін және сол
себепті науқан барысында санақ рәсімі бойынша түрлі сұрақтар туындайтыны
белгілі. 1999 жылы санақшыларды пәтерлер мен үйлерге кіргізбеген жәйттер де
орын алған. Кейбір адамдар күдікпен қарап, сенімсіздік танытқан. Бұл жәйт,
өткен санақтың нәтижелеріне өз әсерін тигізгені даусыз. Сарапшылардың
айтуынша, 1999 жылғы санақ деректері мен ресми статистика арасында едәуір
айырмашылықтар болған, себебі есепке алынбаған азаматтардың пайызы 5,3-ті
құраған.
Осы сияқты жағдайларды болдырмау мақсатында, біздің сайтымызда
Қазақстандағы санақ процедурасы ережелерімен және оның негізгі бағыттары
мен міндеттемелерімен таныстыратын сұрақ-жауап нысаны бойынша барлық
қажетті ақпарат орналастырылған.Белгілі бір уақытқа елдің барлық
тұлғаларына немесе нақты шектелген бөлігіне қатысты демографиялық,
экономикалық және әлеуметтік деректерді бірыңғай жинау, жалпылау, талдау
және жариялау процесі. Халық санағы ұғымына сонымен бірге кейде
мәліметтерді жинақтау, өңдеу және жариялау процестерін де
қосады.Қазақстанда алғашқы санақ 1897 жылы, соңғысы 1999 жылы өткізілді.
Қазақстанда санақ өткізу реттілігі он жылда бір рет өткізу тәртібін
қарастырады. Осындай реттілікті БҰҰ ұсынған. Ресей Федерациясы аумағында да
осындай реттілік қолданылады, ал кейбір елдерде санақ рәсімі әр 5 жыл сайын
өткізіледі.
Санақ бағдарламасы халықаралық ұйымдардың (БҰҰ-ның статкомиссиясының,
Еуростаттың ХЕҰ-ның, ТМД Статкомитетінің және т.б.), отандық тәжірибені
және басқа да елдердің ұлттық статистикалық қызметтерінің іс-тәжірибесін
ескерумен қатар, алдыңғы өткізілген санақ қорытындыларының сабақтастығын
сақтай отырып қабылданды.Елдің облыстарында, аудандары мен қалаларында
санақ жүргізудің бекітілген ұйымдастырушылық жоспарлары негізінде жұмысқа
тартылатын санақ кадрларының: есепшілердің, нұсқаушы-бақылаушылардың және
санақ бөлімдерінің менгерушілеріне деген қажеттілік анықталды. Санақ 2007
жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде
өткізіледі. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі халық санағын
ұйымдастыру және өткізу бойынша уәкілетті орган болып табылады. Санақ
бағдарламаларын әзірлеуді, жаппай-түсіндіру жұмыстарын өткізуді, елдің
барлық өңірлерінде санақ мамандарын іріктеу және оқытуды қоса, барлық
ұйымдастырушылық және әдіснамалық сипаттағы даярлау іс-шараларымен айналысу
Агенттікке тапсырылды.
Халық санағы әрбір азаматтан сұрау арқылы өтеді. Бұл үшін арнайы
уәкілетті және оқытылған қызметкерлер дайындалған. Олар әрбір тұрғын үйге
кіріп, берілген санақ парақтарын толтырады. Санақ парақтарын жауап
берушілердің сөзі бойынша есепшілер толтырады. 2009 жылғы санақ рәсіміне
Қазақстанның барлық азаматтары, сонымен бірге, халық санағы кезінде
республика аумағындағы болған шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ
тұлғалар қатысады. Сол сияқты санақ Қазақстанда тұрақты тұрып жатқандарға,
бірақ науқан кезінде елдің шегінен тыс жерлерде болған азаматтарға да
қатысты.Халық елді мекен, үй, пәтер, бөлме ретінде белгіленген жауап
берушінің тұрып жатқан мекен-жайы бойынша санақтан өткізіледі. Бұл мекен-
жай жауап беруші адамның тіркелген орнымен сәйкес келмеуі де мүмкін.
Есепшілер үй шаруашылығындағы ересек мүшелердің жасына, азаматтығына,
тұрақты немесе уақытша тұрып жатқанына қарамастан жазуларды ауызша сұрау
арқылы жүргізеді, ал үй шаруашылығының жекелеген мүшелерімен бетпе-бет
кездесу мүмкін болмаған жағдайда, осы үй шаруашылығының басқа ересек
мүшесі жауап бере алады.
Санақты өткізу кезінде халықтың белсенді қатысуы өте маңызды. Есепшінің
сұрағына дәл жауап беруіміздің әрбір азаматының қоғамдық міндеті болып
табылады, себебі халық туралы осы мәліметтер кейін оның әл-ауқатын жақсарту
үшін қолданылады.А4 форматты, әрбір санақ парағына, халықтың барлығына
арналған сұрақтар енеді.Санақ парағы –халықтың ұлттық санағының негізгі
құжаты – тұрғын үй-жайда тұрып жатқан адамдар туралы мәліметтер алуды
көздейтін бірқатар сұрақтарды қамтиды.Санақ бағдарламасында тұрғын үй-жай
туралы мәліметтер — түрі, салынған мезгілі, қабырға материалдары неден
салынғаны, тұрғын және жалпы аудан көлемі, бар қолайлықтың түрлері және
үйдің өзге де сипаттамалары бар. Үй-жайда тұратын адамдардың негізінде
халықтың маңызды сипаттамалары жиналады: туған күні, жынысы, ұлты,
азаматтығы, отбасылық жағдайы, жұмыспен қамтылуы, күнкөрістің көздері.
Сұрау кезінде санақшы табыс көлемін сұрайды, сонымен бірге күнкөріс
көзін, яғни қандай еңбек қызметі түрінен табыс табатынын көрсету қажет: бұл
кәсіпкерлік қызмет, зейнетақы, жәрдемақы, стипендия, жеке қосалқы
шаруашылық және с.с. болуы мүмкін.Санақ жүргізу барысында толтырылатын
негізгі құралдарға 2П санақ парағы (тұратындардың тізімі), 2Ж (тұрғын үй
жағдайы), 3С санақ парағы және 4И (Қазақстан Республикасының аумағында
уақытша тұрып жатқандарға арналған) санақ парағы жатады. Халық санағын
өткізу барысында азаматтар санақшыға құжаттар көрсетуге міндетті емес.
Барлық деректер сауалнамаға тұтастай ел бойынша барлық санақ
қызметкерлерімен жүргізілетін жазбалардың біркелкі сипатын қамтамасыз
ететін алдын-ала белгіленген ережелер негізінде жауап берушінің сөзінен
жазылады. Мұның өзінде, есепшілер бұл мәліметтерді құжаттардан емес, жауап
берушілердің сөзінен алады (паспорт, жеке куәлік, оқу орнын бітіргені
жөніндегі диплом, неке туралы куәлік және тағы басқа құжаттарды көрсетпей-
ақ).
Халықтың ұлттық санағын өткізу тәртібі және санақ құралдарын толтыру
жөніндегі нұсқаулық.
Санақ құралдарын толтыру 25 ақпанда жергілікті уақыт бойынша таңғы
сағат 8-де басталып, он күнге жалғасады. Халық санағының басталу сәті
ақпанның 24-нен 25-не қараған түнгі сағат 12.00 болып табылады, яғни, санақ
құралдарына санақ басталған сәттен кейін туылған нәрестелер мен осы сәтке
дейін қайтыс болған адамдар енгізілмейді.Есепшілер санақты өздерінің есеп
учаскелері аумағында орналасқан халық тұратын немесе тұруы мүмкін тұрғын үй-
жайларда орналасқан ұйымдарды, кәсіпорындарды, мекемелерді, фирмаларды қоса
аралап шығу арқылы жүргізеді. … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz