«Трагедияны өз көзіммен көрдім» Индонезияда табиғат апатынан 168 адам өлді
Индонезияда Анак-Кракатау жанартауының атқылауы салдарынан цунами соқты
АСТАНА, 23 желтоқсан — Sputnik. Индонезиядағы Зонд бұғазының жағалауындағы елді мекендерге цунами соғып, салдарынан 168 адам көз жұмды.
750-дей тұрғын жарақат алды. 30 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Жүздеген үй мен ғимарат қираған. Қазіргі уақытта зардап шеккендерді эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр.
Әзірге Зонд бұғазы жағалауында цунамидің тууына не себеп болғаны нақты белгісіз. Бірақ мамандар Анак-Кракатау жанартауының атқылауынан теңіз астындағы көшкін жүрген деген пікірде, деп хабарлады Хабар 24.
Айта кетейік, Зонд бұғазы – Ява мен Суматра аралын бөліп, Үнді мұхитын Ява теңізімен байланыстырып тұрған бұғаз.
«Цунами кенеттен келіп соқты. Адамдар жан-жаққа қашып, толқын олардың кейбіреуін алып кеткенін өз көзіммен көрдім», — дейді жергілікті тұрғын.
«Адамдар қашып үлгермеген». Жойқын цунамидің видеосы жарияланды
Жергілікті билік өкілі үйінділер астынан адамдарды іздестіру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.
«Бірақ бізге қазір ауыр техника қажет. Ал ол болса әлі келген жоқ», — деп түсіндірді ол.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/