Ашаршылық, 1931 — 1933 жылдардағы ашаршылық, Голощекин
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Шаруалардың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығын, Созақ, Жетісу, Маңғыстау аймақтарындағы көтеріліс барысымен таныстыру, ашаршылық кезіндегі жіберілген ащы ақиқатқа оқушылардың көздерін жеткізу.
Дамытушылық: Дайындалған дерек көздерін, кесте сызбаларды пайдалана отырып, сабақтың мазмұнын аша білу дағдысын қалыптастыру. Жастардың еліміздің саяси өмірін дұрыс бағалай білуге бағыт беру.
Тәрбиелік: Жастардың Отан тарихын сүю, ұлтжандылық сезімдерін ояту
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың әдісі: Интерактивті тақта, баяндау, сұрақ жауап, салыстыру, картамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Карта, слайд суреттер, хронологиялық кесте, Ашаршылық деректі фильмі, тапсырмалар, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс
ІІІ. Жаңа сабақ
ІV. Тапсырмалармен жұмыс
V. Жаңа сабақты бекіту
VІ. Қорытындылау.
VІІ. Оқушыларды бағалау
VІІІ. Үйге тапсырма беру
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты түгелдеу, сабаққа назар аудару.
ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс
ІІІ. Жаңа сабақ:
Жаңа сабақтың жоспары:
1. 1931 — 1933 жылдардағы аштық
2. Шаруалардың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығы
1931 — 1933 жылдардағы аштық. 1929 — 1930 жылдардың қысында жұт болды.
Өткен тақырыпта ұлт зиялылары Ғ. Мүсірепов, Қ. Қуанышев, М. Ғатаулин т. б. өз наразылықтарын ашық білдіргенін, И. Сталин мен Ф. Голощекинге айыптау хаттар жазғанын айттық. ОГПУ — дің деректері бойынша қазақтар Батыс Сібір, Орта Поволжье, Қалмақстан, Тәжікстан, Солтүстік өлкеге және басқа аймақтарға қоныс аударған. Бірнеше жүз мың қазақ Қытай, Монғолия, Иран мен Ауғанстанға қоныс аударды. Нәтижесінде 1931 — 1933 жылдары аштықтан, суықтан және өзге де аурулардан
2, 1 млн — дай қазақтар мен 200 — 250 мыңдай басқа ұлттардың өкілдері қаза тапты.
Кесте арқылы түсіндіру: Шаруалар көтерілістері
Уақыты Болған оқиғалар Басшылары
1928 ж “Байлардың шаруашылығын тәркілеу туралы” қаулы. Ф. И. Голощекин
1929 ж Қостанай округіндегі көтеріліс Тәліп Мұсабаев
1929 ж Сырдария округі, Бостандық ауданындағы көтеріліс А. Бекежанов, С. Қадиев,
А. Смағұлов
1930 ж Созақ ауданындағы көтеріліс С. Шолақов
1930 ж Жетісудағы көтеріліс Е. Жанбаев, Қ. Қалиев және
Ғ. Сатырбаев.
1930 ж Ақтөбе, Қостанай және Қызылорда округтеріндегі көтеріліс А. Қанаев, Ж. Бәйімбетов,
М. Саматов,
И. Сатыбалдин
1930 ж 20 ақпан Өскемен мен Зырян аудандарындағы көтерілісі
1931 ж Маңғыстаудағы көтеріліс
Қарсылық түрлері:
ұжымшар қозғалысының белсенділерін, партия, кеңес, комсомол қызметкерлерін, сот орындаушыларын өлтіру;
өзін — өзі қорғайтын қарулы отрядтар құру;
ашық көтеріліске шығу түрлерінде жасалды;
Көтерісшілердің қойған талаптары:
Қарақұмға Ә. Жангелдин бастаған үкімет комиссиясы келді. Сарбаздар жағынан келіссөздерді Ж. Бәйімбетов, Д. Қараев пен А. Әйменовтер жүргізді.
V. Жаңа сабақты бекіту:
VІ. Қорытындылау.
Тарих сахнасында 74 жыл өмір сүрген Кеңес Одағының жарқын кезеңдері баршылық. Бірақ…. дей тұрсақ та қазақ халқы үшін қаралы беттер де айтарлықтай. Елбасымыз Н. Назарбаевтың жарлығымен «31 мамыр» қуғын — сүргін құрбандарын еске алу күні деп жарияланды.
Бұл – біріншіден, ашаршылықта құрбан болған милондардың рухына бүгінгі буыннан тағзым. Екіншіден, келер ұрпақ ата — бабаларының қандай қасіреттерді бастан өткергенін біліп жүруіне қажет тағзым.
ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «1931 — 1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына ескерткіш» монументінің ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінен. Сабағымыздың соңында қуғын — сүргін құрбандары болған ата — бабаларымызды еске алып, бір минут үнсіздік жариялайық.
ҮІІ. Бағалау. Сабаққа белсене араласқан жекелеген оқушыларды бағалаймын
ҮІІІ. Үйге тапсырма: §22 — 21. 1930 жылдардағы аштық, шаруалар.
«Аштық» тақырыбында реферат.
Дереккөз: http://bilimdiler.kz/