Тарақанның көзін жоймақ болған ер адам өлім аузынан қалды
Дәрігерлер ер адамға тез арада операция жасап, бірнеше күнде емдеп шығарған.
Мәскеуде Ф.И. Иноземцев атындағы аурухананың күйік орталығы мамандары ас үйде оттық және газ баллонның көмегімен тарақанды өртемек болып қатты күйіп қалған ер адамды емдеп жазды.
«Науқастың айтуынша, кешкісін ас үйге кіріп, бұрыштан үлкен сары тарақанды көреді. Ер адам оны кішкентай газ пешке арналған баллонның көмегімен өртемек болыпты. Ол оттықты жағып, газ баллонға жақындата бергенде, от лап ете түсіп, ер адам ауыр күйік алып, жедел жәрдем шақырған», — деп мәлімет берді департамент.
Ф.И. Иноземцев атындағы аурухана хирургтері ер адамның қолының 8%-ы 2-3 дәрежеде күйік алғанын анықтады.
«Мамандар тез арада операция жасап, білікті емдеу жүргізген соң, науқастың қолы жазылып, бірнеше күннен соң ауруханадан шықты», — деп атап өтті департамент.
Дереккөз: sputniknews.kz