Арқасы ашық көйлек киген Меган Маркл корольдік жанұядан қуылуы мүмкін — новости Казахстана

0

Корнуольдік герцогиня Камилланы British Fashion Awards марапаттау кешіне арқасы ашық көйлек киіп келген Меган Маркл ашуландырып қойды. Бұл туралы woman.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: lilipop.gr

Фото: lilipop.gr

Аяғы ауыр Марклдың марапаттау кешінде ашық-шашық қара көйлек киюі мен тырнағын қара түспен бояп келуі корольдік жанұяның ызасын тудырды.

Women’s day ақпараты бойынша Марклдың киімі 71 жастағы Камиллаға да ұнамаған.

«Камилла Марклдың өз-өзін ұстауына ұзақ әрі таңдана қарап отырды. Ол үндемеуді жалғастыра берер еді. Алайда герцогиняның Fashion Awards Show рәсіміндегі киімі оның шыдамын тауысты», — деген басылым өкілі.

Қазіргі уақытта Камилли 37 жастағы Меган Марклды жанұядан қуып шығуға дайын отыр екен.

«Ол салтанатты рәсімдегі қылықтарды корольдік жанұяға жат деп түсінді. Тіпті, оның көйлегі де мүлдем сәйкес болған жоқ», — дедп жазады басылым.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар