Дубайға барып демалатын жас жігіт іздеймін деген зейнеткер желіні шулатты (ВИДЕО) Дубайға барып демалатын жас жігіт іздеймін деген зейнеткер желіні шулатты (ВИДЕО)

0

«Астарлы ақиқат» бағдарламасына қонақ ретінде қатысқан 63 жастағы зейнеткер өзін 13 жастағы баладай сезінетінін айтты.

Сондай-ақ зейнеткер осыған дейін өзімен бірге Дубайға демалуға баратын жас жігіт ідейтінін айтқан.

«Демалуға бірге баратын азамат іздеймін. Дубайға екі адамға төлеп қойғанмын. Енді менімен баратын ер азамат іздеп отырмын. Жасы 30-40 шамаларында, отбасылы болмауы керек, ажырасқан болса бола береді. Бойы ұзын арық ер адамдар керек емес, бойы қысқа арық жігіттер тағы керек емес. Шамамен 170-175 см бойы болуы керек. Беті мен авторитеті бар адам керек», — дейді ол видеода.

Желі қолданушылары 60-ты алқымдаған апаның бұл сөзін сынап тастады.

«Балаларынан ұялмай ма?», «Үлкеннің бәрі ақылды емес, ақымақтар да қартаяды», «Апамызға 13 жастағы қыздың миын салған-ау», «Не жетпейді», — деп жазды олар.