“Күнәлар жасадық”: Данияр Елеусінов бірінші әйелімен не үшін ажырасқанын айтты
Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов бірінші жұбайымен ажырусының себебін айтты, деп хабарлайды Kznews.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Айдос Ербосынұлына берген сұқбатында жеке өмірі туралы сыр ақтарды. Олимпиада чемпионы қазіргі таңда Даниэль, Мұхаммед есімді екі ұлы бар екенін айтты. Сондай-ақ ол бірінші әйелімен айырылысып кеткені туралы сөз қозғады.
«Ол кезде біз жас болдық, қателіктер де күнәлар да жасадық. Күнәңді ашып айтуға болмайды дейді ғой. Ол баламның анасы болғандықтан, жаман әңгіме қозғағым келмейді. Мен жақтан да, ол жақтан да бар. Бұйырғаны солай болды. Бірақ қателік бар екен деп ажыраса беру дұрыс емес деп ойлаймын. Бірақ бастапқы себеп – дұрыс таңдауда және күнә жасамауда. Бәрі Исламға, тәрбиеге келіп тіреледі», — деді Елеусінов.
Сонымен бірге боксшы төрт әйел алуға қатысты не ойлайтынын айтты.
«Қазір қиын заман ғой. Көбі жағдайың болса ал дейді. Бірақ бірінші әйеліңді сыйлау керек қой, оның да пікірін сұрау керек. Дінімізде бұған тыйым жоқ», — деді Олимпиада чемпионы.
Айта кетейік, Данияр Елеусінов 2016 жылғы Риода өткен Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алған еді. Ол қазіргі таңда кәсіпқой рингте өнер көрсетеді. Боксшы қыркүйекте Алматыда филиппіндік Джо Нойнайды жеңіп, WBC Peace титулын иеленген болатын.
фото: YouTube