Жолы болғыш адамның 5 әдеті

0

Жолы болғыш адамның 5 әдеті

Жолыңызды кесіп өткен қара мысықтан қорқуды және бес жапырақты бөртегүл мен болжамы бар печенье таңдауды доғарыңыз. Сіздерге сәттілікті шақыруға кез келген дуагерден жақсы көмектесетін ғылыми әдістерді ұсынамыз.

Эдинбург университетінің үш «жолы болғыш» психологы – Ричард Уайзман, Мэтью Смит және Питер Харрис түрлі адамдардың арасындағы айырмашылықты зерттей бастайды. Неліктен біреулерге әрқашан «сәтті билет» түседі, ал басқалары тағдырдың «бонусын» ала алмайды? Онжылдық зерттеу нәтижесінде мынадай тұжырымдама жасады: адам сәттілігімен бірге туылмайды, бірақ оны жүре-бара ұстап ала алады. Соның ішінде, адамның бастапқы мәліметтері маңызды емес.

1-әдет: Өз сәтіңе күмәнданбау

Ричард Уайзман «сәттілігі бар тәжірибеге» қатысушылар іздейтіндігін айтып, газетке хабарландыру береді. Оған өздерін сәтсіз санайтындар да, өздерін 100% жолы болғыш санайтындар да қатыса алатын болады. Ол барлық қатысушыларға қалың газет беріп, ондағы суреттерді санауды тапсырады. Оның құпиясы бар болатын: газеттің бір бетінде үлкен жазумен хабарландыру жарияланған. Онда «бұл анонсты профессорға көрсетіп, £ 250 ал» делінген. Профессор күткендей, оны барлық жолы болғыштар байқап, сыйақы алады. Ал өздерін алдын ала «сәтсіздер» қатарына қосқан адамдар хабарландыруды көрмеген. Жолы болғыш адамдар ашық әрі бос келеді, сондықтан олар тек іздегенді емес, бар нәрсені де көреді. Тәжірибе көрсеткендей, сәттілік – жағдайлардың тоғысуы емес, адамның кез келген мүмкіндікті қолдануға дайындығы мен икемділігі. Жолы болғыш адамның басты әдеті – өзіне сену.

Өз-өзіңе деген сенімділікті арттыратын 8 әдіс

2-әдет: Таныстарды көбейту

Өзіңізге мынадай ұстаным қойыңыз: «Мен таныс емес адамдармен оңай тіл табыса аламын. Мен үшін біреумен танысу немесе таныс емес адамнан өтініш сұрау қиын емес. Менің жолымда қызықты адамдар кездеседі.» Жағдай мүмкіндігін максимум қолданыңыз. Мүмкін, ол сәтті болатын шығар? Мысалы, пойыздағы жолаушымен әңгіме қозғаңыз. Нәтижесінде, қаншама пайдалы нәрсе болатынын байқайсыз. Ричард Уайзманның ойынша, жолы болғыштар жаңа нәрсенің барлығына ашық болып келеді. Бұл қасиетті күнделікті өмірде жаттықтыруға болады. Мысалы, үйде басқаша тамақтар пісіріп тұрыңыз немесе мейрамханаға барғанда өзіңізге таныс емес тағамға тапсырыс беріңіз.

3-әдет: Өз интуицияңа көбірек сену

Жолы болғыш адамдар өмірінде интуицияларымен әрекет етеді. Өзіңіздің ішкі сезіміңізге мұқият болыңыз. Өзіңізді жақсырақ тану үшін күнде босаңсуды және өзіңізді тыңдауды үйреніңіз. Ол үшін таңертең медитация жасап үйренуге болады. Сол сияқты арасында табиғатқа, тауға, ауылға барып, тыныштықта өзіңіз отырып, демалуды әдетке айналдырыңыз.

4. Сәтсіздіктен пайда көре білу

Ричард Уайзман былай дейді: «Лимоннан лимонад жасаңыз!» Жолы болғыштар да басқалары сияқты қиындықтарға жолығады, бірақ басқаларға қарағанда нашар тәжірибені жақсы және пайдалы нәтижеге айналдыра алады. Сәтті адамдар кедергілерге тоқтамайды, керісінше оларды жақсы нәрсеге үйренуге, өзгеруге мүмкіндік деп қабылдайды.

5. Позитивті ойлау

Позитивті ойлаудың пайдасы туралы айтудан жалықпаймыз. Оны тәжірибеде қолданып көру арқылы ғана оның пайдасын түсінесіз. Сәттілік біздің ішкі жағдайды көрсетеді. Ол біздің энергетикамызға, сенімімізге және өмірге қатынасымызға байланысты. Күнде кешкісін бірнеше минут уақыт бөліп, ойланыңыз: Бүгін сізбен қандай жақсылық болды?  


Дереккөз: https://massaget.kz/