Еліміздің үш облысында дауылды ескерту жарияланды — новости Казахстана
Қазақстандықтарды алда -38 градусқа дейін жететін суық күтіп тұр. Синоптик мамандар суықтың әсіресе Ақмола, Қарағанды, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Астанада күшейетінін айтып, дабыл қақты деп хабарлайды «Қазгидромет» орталығына сілтеме жасаған NUR.KZ.
21 желтоқсаннан 22-не қараған түні Шығыс Қазақстанда ауа температурасы -33-38 градусқа дейін түспек.
Ал Ақмола облысының оңтүстік бөлігінде аяз күшейіп, күн 30-33 градусқа дейін суытады.
Қарағанды облысында аяз күші 30-35 градусқа дейін күтілуде.
Астанада 21 желтоқсан күні кешке ауа температурасы 30-32 градусқа жетеді. Сондай-ақ елордада дауылдық ескерту жарияланды.
Сондай-ақ Түркістан облысының тұрғындарына да 21 желтоқсан күні дауылдық ескерту жарияланған жөнінде хабарлама жолданған.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар