Қазақстанда тағы бір отбасы уланып көз жұмды

0

Солтүстік Қазақстан облысында бес ауыл тұрғыны уланып қалды, олардың төртеуі көз жұмды.   

«Буденное ауылындағы жеке тұрғын үйде пешті дұрыс пайдаланбау салдарынан төрт адам уланып өлді, біреуі ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады ТЖ комитеті.

Қаза болғандардың үшеуі бір отбасыдан. Олардың арасында бала жоқ. Құтқарушылар тұншықтырғыш газдың иісі болмағанмен улы болатынын ескертеді. Одан уланғандар өліп кетуі мүмкін. Сондықтан көмір пешін қолдану кезінде барлық қауіпсіздік ережесін сақтау қажет. Естеріңізге сала кетейік, осыдан екі күн бұрын Түркістан облысында бір отбасының үш мүшесі көз жұмғанын хабарлаған едік.

Дереккөз: Sputnik