Қасиетті құдық қайта іске қосылды

0

Құдық ХІХ ғасырдың бастапқы ширегіне дейін жұ­мыс істеген. Түр­кия­ның «Вакф Иншаат» фир­ма­­сының кесенеге 1992-1999 жылдар аралығында жүр­гізген реставрациялық жұ­­мыстарына байланысты құдық суы мүлде жабылған болатын.  Енді міне, араға жылдар салып, «Әзірет Сұл­тан» мемлекеттік та­рихи-мәдени қо­рық-музейінде ор­та­ға­сыр­­­лық тарихи құдық іске қосылды.

Қорық-музей дирек­торы Нұрболат Ахметжа­нов­­тың айтуынша, биылғы қазан айында Түркістан қаласына ресми сапары барысында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арнайы ат басын бұрып, ор­тағасырлық құдықты ха­лық игілігіне жаратып, іске қосу туралы тап­сыр­ма берген. Осыған орай, тазарту жұмыстары жүргізілген. Құдық суының құрамы бар­лық тиісті сараптама­лар­дан өтіп, тиісті құжат­тар дайындалыпты. Бү­гінде кесенеге зияратқа ке­­лушілер құдық суынан шө­л қандыруда.

Тарихи дереккөздерде құ­рылыс кезінде су алу үшін қазылған, кейіннен дін иелері құдықтан тар­тылған суды да шипалы деп жариялағаны айтылады. Айналасы дөңгелене кірпіштен қаланған, диа­метрі 80 см құдықтан су бұ­рын 7-8 метр тереңдіктен шықса, қазір жер асты су­ларының көтерілуіне бай­ланысты  5-6 метр терең­діктен алынады.

 

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Түркістан облысы

Дереккөз: http://egemen.kz/