Атырау облысында жантүршігерлік жол апаттарынан 24 адам қаза тапты

0

Атырау облысында жантүршігерлік жол апаттарынан 24 адам қаза тапты, — деп хабарлайды AtyrauPress.

Биыл өңірді қиып өтетін республикалық маңызы бар тасжолдарда 35 жол апаты тіркелген. Салдарынан 24 адам қаза тауып, 51 адам жарақат алған. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Ірі жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жүргізушілердің жылдамдық сақтамауы мен тыйым салынған жол белгілері талаптарына бағынбай, қауіпті аймақтарда біртұтас сызықты қиып, қарсы бағытта жүргізуі салдарынан болып жатыр. Осы ретте жол-көлік оқиғасының алдын-алу бағытында патрульдік полиция қызметкерлері автожолдарда қарсы бағытқа шыққан көлік жүргізушілерін дрон әуе камерасымен анықтап, жауапкершілікке тартып жатыр», — деп жазылған мәліметте.

Айта кетейік, 6 мамырдан бастап жол жүрісі қағидасына енгізілген толықтырулар мен өзгерістерден кейін бүтін сызықты кесіп, қарсы жолаққа шыққан жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы, 3-тармағы бойынша жазаланып, 6 ай мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылады.
фото: Фото: shutterstock.com