Экс-министр Нұрлан Ермекбаев ШЫҰ бас хатшысы болып тағайындалды

0

Нұрлан Ермекбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы болып тағайындалды.

Ол 2025-2027 жылдар аралығында бас хатшы қызметін атқарады.

Нұрлан Ермекбаев 1963 жылы 1 қаңтарда Шымкент қаласында дүниеге келген. 1986 жылы КСРО Қорғаныс министрлігінің Әскери Қызыл Ту институтын үздік тәмәмдаған. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын «инженер-экономист» мамандығы бойынша бітірген.

фото: gov.kz