Тимур Құлыбаевтың Лондондағы зәулім үйін сатқаны айтылды

0

Қазақстандағы ең бай олигархтардың бірі, Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев Лондондағы зәулім үйін 34,7 млн фунт стерлингке сатты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Financial Times-ке сілтеме жасап.

Букингем сарайының жанында орналасқан Аппер-Гросвенор көшесіндегі мүлікті наурыз айында North Wind Capital инвестициялық компаниясы сатып алған. Жаңа қожайындар ғимаратты қайта салуды жоспарлап отыр.

Басылым дәл осы көшеде Құлыбаевтың тағы бір мүлкі бар екенін жазды. Олигарх бұл ғимаратты да сатып жіберуге ниетті. Бірақ мүлікті сатып алушы әлі табылмады.

Айта кетейік, 2024 жылдың басында Тимур Құлыбаевтың байлығы 4,6 миллиард долларға жеткені белгілі болды. Оның зайыбы Динара Құлыбаевада да осындай қаражат бар. Forbes әлемдік рейтингінде жұп 627-орында тұр.