Банкроттықтың салдары қандай? Бұл халықты масылдыққа үйретпей ме?

0

Елде бөліп төлеуге тауар алатын жастар көбейді.

Бұрын — 2020 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың наурызына дейін қолдағы заттың бағасы 500 еуродан асып кетсе, қосымша салық төлеуге міндеттелетін. Ал 2022 жылдың сәуірінде Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен бұл талап өзгеріп, құны 1000 еуроға жетпейтін тауарды тегін алып өтуге рұқсат берілді. Бірақ биыл 1 сәуірден бастап меже қайта бұрынғы деңгейге түсірілді. Енді Белорусь, Қырғызстан, Ресей және Армениядан өзге елдерден әкеле жатқан тауардың құны 500 еуродан аспауға тиіс. Бірақ салмағы 25 келіден артық болмауы керек. Бұған қоса, пошта арқылы жіберілетін заттың құны 200 еуродан қымбат болмауы қажет. Ал салмағы 31 келіге дейін ғана болғаны жөн.
Қазақстанның үшінші елдермен сыртқы тауар айналымы былтыр 111,3 млрд долларға жетті. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті Кедендік бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаев мәлімдеді. Оның ішінде экспорт 67,6 млрд доллар болса, импорт 43,7 млрд доллар.

Жеке тұлғалардың соттан тыс банкроттық рәсімі бойынша ең жоғары берешек 920,6 миллион теңге болса, ең азы 2978 теңге. Алайда банкроттық панацея емес. Мұның белгілі бір салдары бар. Банкрот деп танылған адамға 5 жыл бойы қарыз берілмейді және мемлекеттік кірістер комитеті тарапынан тұрақты бақылауға алынып, басқа да шектеулер қолданылады. Осы орайда, жеке тұлғаларды банкрот деп жариялау өз мақсатына жетті ме, бұл халықты масылдыққа үйретпей ме деген заңды сұрақ туындайды.
Азаматтардың несиесін жай ғана кешіре салсақ ол тиімсіз деп айта алатын едім. Алайда азаматтарымыздың банкроттығын мойындап оған бір мүмкіндік беріп оны қайта сауықтыруына жағдай жасап ол аяққа тұрғанға дейін күтсе азаматтарымыздың жағдайына кіре алса онда ол өзінің жемісін бере алады деп айта алатын едік

Көмір өңдейтін 15 жаңа өндіріс орны Қарағанды, Павлодар, Абай, Ақмола және Қостанай облыстарында ашылады. Онда тыңайтқыш, аммиак селитрасы, карбомид және полимердің барлық түрі шығарылады. Жаңа өндіріс орындары көмір өңдеу деңгейін 12% арттыруға мүмкіндік береді. Қазір бұл пайдалы қазбаның 3% өңделеді. Елімізде барлығы 50-ге жуық көмір компаниясы бар. Олардың бесеуі өндірісті бастауға дайын. Сонымен бірге, елде көмір экспорты 6,5 есе өсті. Бұл Еуроодақ елдері тарапынан қазақстандық көмірге сұраныстың артуымен байланысты. Көрсеткіш алдағы уақытта да еселене түседі. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің хабарлауынша, отын-энергетика кешенін дамыту тұжырымдамасында көмір өндіруді жыл сайын ұлғайту көзделген. Жақын арада Богатырь көмір кенішінде жаңа технология іске қосылады. Бұл өндірісті тағы 8 миллион тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қазір онда 42 млн тонна көмір өндіріледі. Жалпы көмірдің 28% экспортталады.
Жыл басынан бері Ұлттық қордан 1,4 трлн теңге жұмсалыпты. Оның 1 трлн теңгесі Қазақстан бюджетіне кепілдендірілген трансферт, 411 млрд теңгесі мақсатты трансферт және 1,6 млрд теңгесі қорды басқаруға жұмсалған шығын. Бұл ретте, «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңда Ұлттық қордан 2024 жылға арналған кепілдендірілген трансферттің көлемі 2 трлн теңге.

Жастардың банктерге берешегі көбейген. Елде 21 жасқа толмаған жарты млн-ға жуық тұрғынның несиесі бар. Жастар банктің бөліп төлеу қызметіне көп жүгінеді. Мұнда тұрмыстық техникадан бастап донерге дейін қарызға алатындар бар екен.

Қаржы мамандары «Бөліп төлейсің» деген жарнамаға алданбаған жөн дейді. Себебі банк пен шағын несие беруші компания пайдасын ұмытпайды. Яғни, тегін дүние жоқ. Оларға тауарды бастапқы құнына сату тиімсіз. Айналып келгенде бұйымның бағасы нарықтағыдан әлдеқайда қымбат болады. Кейде қаржы институты өсімақысын да бірге есептейді. Сарапшылар бөліп төлеуді қаржы саласының дербес құралы деп санайды. Бірақ ол несиенің бір түрі дейді кейбір мамандар. Олар егер «бөліп төлеу» несие болмаса банктың несие портфелінде рәсімделмес еді деген дәлелді алға тартады. Тіпті, қазір қарызға тамақ ішу де үрдіске айналып бара жатқандай. Айта кететін нәрсе, бүгінде елдегі жеке тұлғалардың банктер мен өзге де қаржы институттарына берешегі 18 трлн теңгеге жуықтады.
Әлеуметтік кодекс аясында халықтың медиандық табысы негізінде кедейлік шегінің мөлшерін есептеу әдістемесін енгізу 2025 жылдан бастап жоспарланып отыр. Бұл шара табысы аз тұрғындарға әлеуметтік көмек мөлшеріне оң әсер етеді. Сондай-ақ, бүгінгі таңда атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәсілдері қайта қаралып жатыр.
Бүгінге ел бюджетінің 60%-ы әлеуметтік саланы дамытуға арналған. 2023 жылы баласы бар отбасыларды қолдауға 1,3 трлн теңгеге жуық қаражат бөлінді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 39% артық. Осылайша мемлекеттің азаматтар алдындағы әлеуметтік міндеттемелері жыл сайын өсіп келеді. Табысына қарамастан барлық отбасыға бала туу кезінде, 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жұмыс істемейтін әйелдерге, мүгедек балаларды тәрбиелеуге, 4 және одан да көп 18 жасқа дейінгі балалары бар көпбалалы отбасыларға және көпбалалы аналарға мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Егер отбасының тұрмыс жағдайы қиын болса, бұл төлемдерге қосымша атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады. Қазіргі таңда әрбір бесінші қазақстандық отбасыға мемлекеттік қолдау көрсетіліп отыр. Оның нәтижесі 2000-шы жылдардан басталған туу көрсеткішінің өсуінен көрінді.
орны мен участок бар.

Мейрамбек ЕРБОЛАТҰЛЫ