Басының алты жері тігілген: Астанада белгісіз ер адам әйелге шабуыл жасады

0

Елордада белгісіз ер адам әйелді ұрып-соғып, ауыр жарақаттаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Болған оқиға туралы жәбірленушінің бауыры әлеуметтік желіде мәлімдеді. Жазба авторының айтуынша, ер адам оның әпкесін қуып жетіп, пәтеріне кіріп, қатты соққыға жыққан.

“19 сәуірде Мәскеу тұрғын үй кешенінде ер адам менің үлкен әпкеме шабуыл жасады. Ол оны көшеде аңдып, әпкем подъезге кірер алдында 5 минут бұрын өзі кіріп, үйі орналасқан қабатқа көтеріген. Әпкем 2 және 4 жастағы екі баласымен болған. Ол алдымен жемпір мен бетперде киіп кіріп, дәл сол түрімен ұрып-соғып, ақ жейде киіп 13-қабаттан түскен. Заттарымды 13-қабатқа тығып қойған”, – деп жазған қыз.

Астана тұрғыны әпкесі көп жарақат алғанын баса айтады.

“14-қабатта қолындағы белгісіз затпен оған шабуыл жасап, ерекше қатыгездікпен басынан ұрған. Ол қазір басын көтере алмай ауруханада жатыр. Оның басында алты тігілген жара және бас-ми жарақаты бар. Бүкіл денесі көгерген”, – деп қосты жазба авторы.

Әзірге ер адамның ниеті мен кім екені белгісіз. Полиция бұл оқиғаға қатысты әлі түсінік бермеді.